Жаз басында Алматыда Наурызбай ауданындағы Инновациялық шығармашылық орталығы ашылды. Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева РСК брифингінде сөйлеген сөзінде орталықтың жобалық қуаттылығы аптасына 5000 орын деп атап өтті.
Оқу жылы басталғанға дейін осыған ұқсас аптасына 5000 баланы қамтитын орталықтың ашылуы Алатау ауданында да жоспарланған.
“Бұл қала әкімдігінің біздің балаларға деген үлкен назары болып табылатын бірегей жоба. Алдағы уақытта біз бұл орталықтың мүмкіндіктерін пайдаланып, қаламыздың қосымша білім саласындағы ең үздік мамандарды барынша тартып, креативті идеялар алаңына айналдыруымыз керек”, - деп бөлісті Л.Жылқыбаева.
Сонымен қатар, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету шеңберінде 30-шы жылдары Түрксіб және Бостандық аудандарында салынған екі оқушылар үйін бұзу және олардың орнына күніне 800 келушіге дейін қуаты бар заманауи даму және шығармашылық орталықтарын салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жобалар дайын, құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылы басталады.
2025 жылға дейін қажеттілік бар аудандарда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қосымша білім берудің тағы 3 заманауи орталығын салу жоспарланып отыр.
“Жалпы, 2025 жылдың соңына қарай қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамтудың өсуі 25% - ға дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша, біз тегін үйірмелерге қатысатын балалардың санын 60 000-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Әкімдіктің қолдауымен біз техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үлкен басымдық береміз”, - деп атап өтті спикер.