Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер табиғи газды пайдалану бойынша ұсыныстар бере отырып, жылыту маусымына дайындық туралы айтып берді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Талғат Бұрамбаев өз сөзінде бүгінгі таңда олардың кәсіпорны 5 521 км жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын пайдаланатынын, оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 4 767 км және Алматы облысы бойынша 754 км.газ құбырлары қанағаттанарлық жағдайда екенін, желілердің тозуы 36% құрайтынын хабарлады.
Ол сондай-ақ күз-қыс маусымына жұмысқа дайындық бойынша жоспарланған жұмыстар 100% - ға аяқталғанын атап өтті.
«2023-2024 жж. күзгі-қысқы маусымнан ойдағыдай өту және тұтынушыларды сапалы газбен қамтамасыз ету үшін 10 жөндеу, сондай-ақ 7 авариялық бригада жұмылдырылды. Жөндеу бригадалары қажетті материалдармен, құрылғылармен, құралдармен, арнайы құралдармен киіммен және техникамен толық құрамда жабдықталған», - деді Т. Бұрамбаев.
Сонымен қатар, «Интергаз Орталық Азия» газ желілерін пайдалану қызметі газ құбырларын аралап, халықты тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, апаттық өтінімдерге барған кезде апаттық-диспетчерлік қызмет қызметкерлері жадынамалар тарата отырып, тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқаулық береді.
Брифингке «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ділдәбек Күлтіміров те қатысты. Оның айтуынша, олар табиғи газ бен көміртегі тотығы ағып кеткен кезде газ беруді тоқтататын газ дабылдарын орнатуды ұсынады. Газ жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі, түтін мұржалары мен вентканалдарды уақтылы тексермеу және оларға қызмет көрсету түтін мұржасында тартудың болмауына байланысты көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімі басшысының орынбасары Ғалым Бекен табиғи газды пайдалану бойынша ұсыныстар берді.
«Пештерді пайдалануға өз іс-әрекеттерін бақыламайтын және пештерді пайдалану ережелерін білмейтін балалар мен адамдарды жіберуге тыйым салынады. Газды қыздыратын құрылғыға өз бетінше қандай да бір өзгерістер енгізуге, жылыту үшін газ аспаптарын пайдалануға, жабық терезелерде пештерді пайдалануға, газ аспаптары орнатылған үй-жайда ұйықтауға және демалуға болмайды. Газдың ағып кетуіне күдік туындаған жағдайда газ қызметіне «104» нөміріне қоңырау шалу қажет, сондай - ақ пәтерде газдың иісі болған кезде барлық газ крандарын дереу жауып, үй-жайды тексеріп, ашық отты пайдаланбау, электр құралдарын қоспау қажет», - деп қорытындылады Ғалым Бекен.