Туберкулезді емдеудегі маңызды жетістік емдеу ұзақтығын қысқарту болып отыр. Соңғы он жылда тәжірибеге туберкулезге қарсы жаңа препараттар мен қысқа мерзімді емдеу режимдері енгізілді, бұл емдеу ұзақтығын алдыңғы 20-24 айдың орнына 6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева хабарлады.
Осылайша, 2024 жылы Алматы қаласы емдеудің жаңа режимдерін пилоттық қолдану жобасына енгізілді. Бүгінгі таңда 11 пациент жаңа режим бойынша ем алуда және емдеу ұзақтығы 6 айдан 9 айға дейін.
Алматы қаласында туберкулезді диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері белсенді енгізуде, сондай-ақ осы аурудың алдын алу мен ерте анықтауды кеңінен насихатталуда.
“Бұл қала тұрғындары арасында туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық барлығына осы қауіпті аурумен күресудің маңыздылығын және емделіп жатқан науқастарды қолдау қажеттігін еске салады. Оның ішінде Алматы қаласының әкімдігі туберкулезбен ауыратын 922 науқасқа 41 400 теңгеден ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде қаражат бөлді. Үкіметтік емес ұйымдардың қаражаты арқылы 63 науқасқа жол жүру билеттері, азық-түлік пакеттері және т. б. түрінде көмек көрсетілді”, - деді Ж. Сапиева.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда туберкулезбен ауырған және одан сәтті айыққан үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Адамдар үшін туберкулездің емделетінін түсіну маңызды. Бұл идеяның ең жақсы бағыттаушылары «тең – тең» қағидаты бойынша жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін.
«Мейірімді жол» қоғамдық қоры 2022 жылдан бастап туберкулездің алдын алу саласындағы Жаһандық қордың шағын грантын іске асырады, халықтың негізгі топтары мен медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі адамдар арасында туберкулездің алдын алу және анықтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады (ИЕПА-инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдар, үйсіз-күйсіз, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, алкогольді шектен тыс тұтынатын адамдар, ай - есірткі қолданатын адамдар, бұрын істі болғандар, тұтқындар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, мигранттар, кедейлер).
Одан өзге, туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын жақсарту мақсатында фтизиопульмонология орталығы қаланың барлық медициналық ұйымдарында, оның ішінде жеке медициналық орталықтарда туберкулезге қарсы іс-шараларға тұрақты мониторинг пен бағалау жүргізеді, 188 мониторинг жүргізілді.
Фтизиопульмонология орталығының базасында МСАК ұйымының медицина қызметкерлерін туберкулезді анықтау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі және 2023 жылы МСАК ұйымдарының 2 169 маманы оқытылды, оның ішінде 975 дәрігер бар.
“Қорытындылай келе, Алматы қаласы «Zero TB cities» серіктестігі шеңберінде және «Қазақстандағы туберкулезді тоқтату» әріптестігін одан әрі дамыту бойынша жұмысты дәйекті түрде орындап жатқанын атап өткім келеді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан туберкулезге қарсы күреске үлес қосатын барлық серіктестерге және БАҚ өкілдеріне алғыс білдіремін туберкулез туралы халықты ақпараттандырғаны, туберкулезге қоғамның көзқарасы мен пікірін қалыптастырғаны, туберкулезден зардап шеккен адамдарды қолдағаны, стигма мен кемсітушіліктің төмендегені үшін ризашылығымызды білдіреміз. “Біз туберкулезді жеңе аламыз” айлығының ұраны іске қосылды, барлығына туберкулезге қарсы күресте айтарлықтай нәтижелер тілеймін”, - деді Ж. Сапиева.