Әлемнің көптеген елдерінде туберкулез, әсіресе, көптеген дәріге төзімді туберкулез қауіпті ауру болып қала береді. Ешкім аурудан, оның ішінде өмір сүру стандарттары жоғары және сапалы медицинасы бар гүлденген мемлекеттердің тұрғындары да сақтандырылмаған. Бұл туралы ӨКҚ брифингі барысында «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының менеджері Шахимурат Исмаилов мәлімдеді.

«Басты міндет – туберкулездің үкім емес екенін түсіндіру», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жедел диагностикаға, емдеуге арналған жаңа схемалар мен препараттарға жаңа тәсілдер сәтті қолданылуда, туберкулездің алдын алудың заманауи тиімді технологияларына қолжетімділік жақсарды.

ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы туберкулерзе қарсы күресте қажетті капитал салымдарын қамтамасыз етуге, ДДСҰ-ның соңғы ұсынымдарын орындауға, инновациялық тәсілдерді енгізуге және азаматтық қоғам ұйымдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасауға шақырады.

Қазақстанның ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламасы мынадай міндеттерді іске асырады:

  • молекула-генетикалық әдістерді пайдалана отырып, туберкулезді тез анықтау бойынша шараларды жандандыру;
  • туберкулезді, оның ішінде дәріге төзімді туберкулезді емдеудің жоғары тиімді және қауіпсіз қысқа режимдерін жалпылама енгізу;
  • тәуекел топтарына баса назар аудара отырып, туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің заманауи тәсілдерін қамтамасыз ету.

Ш. Исмаиловтың пікірінше, туберкулезді заманауи емдеуде пациенттер бүгінде инъекциясыз және ауруханаға жатқызудың ең аз қажеттілігімен таныс өмір сүруге мүмкіндік алады.