2024 жылғы 1 наурызында сағат 14.30-да республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтеді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қ. Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Қазақ радиосының «Достық» радио бағдарламасы.

Мақсаты мен міндеттері: тарихи ұжымдық естелік негізінде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, қазақстандық патриотизмді, еліміздің этностарының бір-біріне және мемлекетіміздің азаматтарына - батырлар мен беделді еңбеккерлерге олардың игі істері үшін алғысын нығайту; азаматтық қағидаттар мен рухани-адамгершілік құндылықтар және «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» - адамгершіліктің нышаны ретінде алғыс білдіру, «Адамның рухани байлығы – адамгершілік» - адамның қоғамдық санадағы рухани байлығы ретінде адамгершілікті көрсету идеялары негізінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Іс-шарада Ұлы Отан соғысының ардагерлері, армия ардагерлері, еңбек ардагерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер, ғылыми зиялы қауым (ҚР ҰҒА М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті), шығармашылық зиялы қауым, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, облыстық және қалалық (Алматы қ.) этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, оның ішінде «Жастар Ассамблеясы» жастар қанаттарының өкілдері, докторанттар, магистранттар, Алматы қ. университеттері мен колледж студенттері, БАҚ, оның ішінде этноБАҚ.

Өтетін орны: Алматы қ. Республикалық Достық үйі, Құрманғазы көшесі 40 (Төлебаев көшесінің қилысы), 1 қабат, дөңгелек зал (орталық кіреберіс).

Байланыс телефоны 8-700-26-889-26