2024 жылдың сәуір айында Алматыда Cambridge International компаниясының математика және нақты ғылымдар бойынша жалғыз азиялық серіктес компаниясы – Marshall Cavendish-пен бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысының алдында баяндама жасаған Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Жаңа білім беру әдістерін енгізу, соның ішінде Сингапур – Marshall Cavendish – PISA көрсеткіштерін жақсарту үшін қажет. Бұл халықаралық тестілеу әртүрлі елдердегі оқушылардың функционалдық сауатын және теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуін бағалауға мүмкіндік береді.

«Биыл мамыр-желтоқсан айлары аралығында ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) стандарттарын қолдана отырып, 50 PISA жаттықтырушысы оқытылады. Қыркүйек айында 14 PISA құзыреттілік орталықтарында табысты мектеп моделі – School Excellence Model енгізіледі. Алдағы оқу жылының басында қаланың барлық мемлекеттік мектебінде PISA Artificial Intelligence платформасы енгізіледі», - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, ұсынылған шаралар тестілеу нәтижесі бойынша оқушылардың көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, PISA-2022 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алматылық оқушылар Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленді.