Алматыда жол-көлік инфрақұрылымын модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы қала жолдарында 2 мың «қалқымалы» люк орнатылды. Мегаполис әкімі Ерболат Досаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндама жасап, есеп берді.

«Ағымдағы жылы тағы 10,2 мың осында люк орнатылады, бұл жолдардағы барлық люктердің 25% -ын ауыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл люктерді пайдалану мерзімін 2 есеге – 4 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп нақтылады сөзін Ерболат Досаев.

Бекіту әдісіндегі «қалқымалы» люктердің ерекшелігі: олардың жылжымалы корпустары бар, олар кәріз құдықтарына қосымша жүктеме жасамайды, сондықтан құрылым ұзақ уақыт бойы тұрақты және ұзаққа жарамды болады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Алматы жолдарында 40 мың люк орналасқан, оның 38 мыңы – ескі үлгідегі. Олар тез тозады және температураның өзгеруіне байланысты пайдалану сапасын жоғалтады.