ХХ ғасырдың ең қанды соғысындағы Жеңіс қымбатқа түсті, ал жалпы міндет – соның жолында (жеңістің) қаза тапқандар жайлы естен шығармау және ардагерлерге талмай қамқорлық көрсету.
«Қазақстанның орыс мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев бұл мереке еліміздің тарихында ерекше орын алатынын атап өтті.
«9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен барша қазақстандықтарды, еліміздің қонақтарын және, әрине, өзіміздің алматылықтарды құттықтаймын. Осы мереке күні біз барлығымыз 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында кездесіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қоямыз. Ұлы Отан соғысының тірі қалған ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, концлагерь тұтқындарын, Ленинград блокадасынан аман қалған адамдарды, еңбек майданының қатысушыларын құттықтаймыз», - делінген құттықтауда.
Ол жеңістің мықты күш-жігер мен қанша жанның құрбан болуымен келгенін атап өтті. Ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен адалдығының арқасында қиындықпен келді.
«Балалары мен немерелерінің болашағы үшін, яғни сіз бен біз үшін бастарын өлімге қиған жауынгерлерді еске алайық. Әрине, балаларымыз бен немерелерімізге фашизмнің қатыгездігі, Кеңес Одағы мен біздің елімізді шетелдік басқыншылар қалай жоюға тырысқаны туралы айтып береміз, жеңіске жету жолында Қазақстанның да барынша күш салғаны туралы айтып береміз»,- деп толықтырды Всеволод Лукашев.
Ол қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тіледі.