2024 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы атап өтіледі. Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыржан Әбдіхалықов Жеңіс күнін есте сақтау мен одан қазіргі ұрпақ қандай сабақ ала алатынымен деп бөлісті.
Қазіргі таңда Жеңіс күнінің мәні әлемде орасан зор маңызға ие, бұл күн миллиондаған қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығын еске салады.
«9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні, мен үшін бұл мерекенің мәні зор, өйткені менің отбасымда екі бірдец атам фашистермен соғысқан, олардың бірі Қарсыбай Жартаев теңіз офицері болған, Балтық пен Қара теңіз флотында соғысқан, қоршауда қалған Ленинградты сәтті қорғап, Қырымды неміс-фашистік әскерлерден босатқан. Тағы бір атам Жафар Әбдіхалықов әскери ветеринар дәрігері болды және атты әскер бөлімдерімен Беларуссияны азат етті. Барлығы миллионнан астам қазақстандықтың Ұлы Отан соғысының майданына аттанғанын біледі, олардың жартысы соғыстан оралмады. Біз, қазақстандықтардың келесі ұрпақтары ретінде, бұл туралы есте сақтауымыз керек, майдандағы аталарымыздың ерлігі мен тылдағы әжелеріміздің орасан зор еңбегін есте сақтап, мақтан тұтыуымыз керек. Олар соңына дейін шыдады! Біз бұл туралы ұмытпауымыз керек; олардың үлгісін көрсетіп, жаңа өскелең ұрпаққа олардың ерліктері туралы айту керекпіз» - деді Қ.Әбдіхалықов.
Көптеген қазақстандықтар сияқты, Әбдіхалықовтар отбасында да соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан.
«Бала кезімнен біздің отбасымызда бұл күні аталарымыз бен әжелерімізді құрметтеу, дастарханға туыстары мен жақындарын шақыру, сондай-ақ Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағындағы Даңқ мемориалына бару әдетке айналғаны есімде. Ата-анамнан алынған бұл дәстүрді мен қазір өз отбасымда сақтауға тырысамын», - деп қосты ол.
Қайыржан Әбдіхалықов сондай-ақ Жеңіс күні бейбітшілікке ұмтылуды, халықаралық ынтымақтастықты сақтау және болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу қажеттігін еске салатынын атап өтті.
«Қазіргі қоғам ретінде біз үйренуіміз керек негізгі сабақтардың бірі - бұл әрқашан, кез келген жағдайда, біздің елде бейбітшілік пен әл-ауқатты сақтау! Біз соғыстар мен қақтығыстарға жол бермеуіміз керек, сыртқы саясаттағы барлық мәселелер тек дипломатия мен тату көршілік қатынастар арқылы бейбіт жолмен шешілуі керек. Қазіргі қазақстандық ұрпақ аталарымыз бен әжелеріміздің үлесіне түскен қиындықтар мен қайғы - қасіретті ешқашан басынан кешірмейді деп үміттенемін», - деп қорытындылады ол барлық қазақстандықтарға амандық, тұрақтылық, өркендеу және бейбітшілік тілей отырып.