Қазақстанда есту қабілеті бұзылған адамдар мемлекеттік, коммерциялық, білім беру және әкімшілік ұйымдармен, соның ішінде медицина мекемелерімен қарым-қатынас жасауда қиындыққа тап болып жатады.
«AUEN» ым-ишара тілі мектебі Алматыдағы №9 емхананың медицина қызметкелерін оқытуға бастама көтерді. USAID агенттігінің Кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту жөніндегі жобасының (USAID’s Future Growth Initiative) қолдауымен «AUEN» қосымша білім беру мектебінің командасы іске асырып жатқан ICA (Инклюзивті Орталық Азия) әлеуметтік жобасы 2024 жылдың ақпан айында іске қосылды және бүгінгі күнге дейін 150-ден астам адамға ым-ишара тілін үйретті.
«Инклюзивті қоғам мен инклюзивті ортаны құру әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл жобаға қатысу мамандарымыздың біліктілігін арттыруға, байланыс орнатуға және бізде ерекше қажеттілігі бар адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді. Біздің қызметкерлер ым-ишара тілін үлкен қызығушылықпен және қуана отырып үйренгенін және алған білімдері мен дағдыларын күнделікті тәжірибесінде қолдана бастағанын атап өткім келеді. Бұл біздің халыққа медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жолындағы өте маңызды және сәтті қадам деп есептеймін. Осыған байланысты «Inclusive Central Asia» жобасына және оның жетекшісі Әсем Калманға бұл жобаға қатысуға шақырғаны, осындай мүмкіндік бергені және біздің емханамыздың негізінде сәтті іске асырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін»,- дейді Алматы қаласы ҚДБ «9-шы қалалық емханасы» ШЖҚ КМК директоры Мұсабаева Әсем Мұратқызы.
Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне қарамастан, ым-ишара тілі аудармасы қызметін көрсетудің көлемі мен сапасы әлі де төмен, бұл саңырау және нашар еститін адамдардың қоғамдық өмірге толыққанды қатысуын және олардың әлеуетін дамытуды шектейді. Сондықтан әлеуметтік бағдарламалар және әртүрлі сала қызметкерлерін оқыту саңырау және нашар еститін адамдардың медициналық, мемлекеттік, коммерциялық, білім беру саласының және басқа да ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ым-ишара тілі арқылы қол жеткізуін оңайлатады және өз әлеуетін іске асыру және кәсіби дамуы үшін қолайлы жағдай жасау арқылы қоғаммен неғұрлым сәтті біте қайнасуына, жалпы әл-ауқатының, мәдени өмірінің және жайлылық деңгейінің жоғарылауына әкеледі.
“Біздің аймақта ым-ишара тілінің аудармашылары өте тапшы екенін түсінеміз. Осыған орай біз түрлі топтардың өкілдеріне ым-ишара тілін үйретуді ұйғардық. Орталық Азия аумағында бірыңғай ым-ишара тілі бар, бұл оқыту бағдарламасын бүкіл аймақта пайдалануға мүмкіндік береді. Емхана қызметкерлері құлағы естімейтін және нашар еститін пациенттерді күн сайын көреді, сондықтан олармен қарым-қатынас жасау мәселесін жақсы біледі. Есту жағынан мүгедектігі бар адамдардың дәрігерге барған кезде көмекке өте мұқтаж болатынын мойындау керек. Біз пациенттеріне жақынырақ болу және олардың денсаулығына әлдеқайда сапалы қамқорлық жасау үшін ым-ишара тілін ашық жүрекпен және ықыласпен оқыған №9 емханада жұмыс істейтін дәрігерлеріміз бен қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз. Осындай игі әлеуметтік бастаманы қолдап, оны іске асыруға мүмкіндік бергені үшін «Inclusive Central Asia» жобамыздың атынан USAID ұйымына алғыс айтамын. Біздің ортақ іске бірлесіп күш-жігер салуымыз саңырау және нашар еститін адамдардың ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, олардың қоғамға толыққанды қатысуына және біте қайнасып кетуіне ықпал ететініне сенімдімін,” – дейді «Inclusive Central Asia» әлеуметтік жобасының жетекшісі Әсем Қалман.
Халыққа қызмет көрсетудің әртүрлі салаларында ым-ишара тілін оқыту инклюзивті ортаны қалыптастыруға әкеледі және қоғамда мәдени түсіністік пен толеранттылықты дамытуға көмектеседі.
Мемлекет теңдік қағидаттарын ілгерілетуге және тең құқықтылық пен әлеуметтік әділеттілікке қолдау көрсете алады, бұл есту жағынан мүгедектігі бар адамдардың еңбек қызметін кеңейтуге және қазіргі әлемде сұранысқа ие жаңа кәсіп түрлерін, соның ішінде саңырау және құлағы нашар еститін адамдар үшін ғана емес, ым-ишара тілінің аудармашылары үшін де жұмыс орындарын ашуға, жақсартуға және көбейтуге мүмкіндік береді.
«AUEN» қосымша білім беру мектебі USAID агенттігінің Кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту жөніндегі жобасының қолдауымен әзірлеген бағдарлама Орталық Азияның әртүрлі елдеріндегі есту қабілеті бұзылған адамдарға білім, тәжірибе алмасуға және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік жасайды, осылайша олардың толыққанды дамуына және қабілетін іске асыруына ықпал етеді.
USAID дамыту жөніндегі жетекші халықаралық агенттік және даму нәтижесіне қол жеткізуге септесетін катализатор болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтына және USAID/Орталық Азия жобасының Facebook-тегі https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia парақшасына кіріңіз. Кәсіпкерлікті және бизнес ортасын дамыту жөніндегі USAID жобасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін https://www.facebook.com/FGICentralAsia парақшасына кіріңіз.