18 қыркүйекте қазақ  және орыс тілінде оқытатын мектептердің  10-сынып оқушылары үшін «ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» элективті курсының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының табысты және бақытты адам болып, арманына қол жеткізуге ұмтылуы үшін үйлесімді, сау-саламат өмір сүруіне көмектесу. Шараға Алматы және Астана қаласындағы білім бөлімдерінің өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары мен курс авторлары қатысты.

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мен Астана мектептерінің 10-сынып оқушылары жаңа заманның өмір шындығына сай бағыт-бағдар беретін маңызды элективті курспен таныса бастайды. «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» бағдарламасын денсаулық және әл-ауқат саласындағы сарапшы «Amway Central Asia» ЖШС-ның қолдауымен, Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әзірледі.

Курс метапәндік дағдыларды қалыптастырады және биология, әлеуметтану және басқа да пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда қолданылуы мүмкін.

Элективті курстың мақсаты мен міндеттері «Біртұтас тәрбие» Ұлттық тәрбие беру бағдарламасының құндылықтарын көрсетеді. Бұл өзекті бағдарламаның постулаттарына: денсаулықты, салауатты өмір салтын, ой тазалығын және эмоционалдық орнықтылықты қадірлеу, үйлесімділікті сақтау, дұрыс тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ұлттың жаңа сапасы тек білім, ғылым және мәдениетті дамыту арқылы қалыптасады. Бұл бағыттарды қоғамның рухани дамуының мызғымас үштігі деп атауға болады. Біз өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша мән беріп, оларды ізгі мақсатқа бағыттауымыз керек», – деп ерекше атап өтті.

Курс бағдарламасы мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға өзара күш біріктіріп, осы жолды бірге жүріп өтуге шақырады.

Курс 6 бөлімнен – Amway-дің гүл күлтесіне үндес 6 тақырыптан тұрады: «тән саулығы», «ақыл-ой саулығы», «қоғаммен байланыс», «тұлғалық даму», «қаржылық әл- ауқат» және «планетамыздың денсаулығы».

«Біздің компания бұл салада ерекше білімге ие және біз осы білімді көпшілікке таратқымыз келеді, – деді «Amway Central Asia» ЖШС-нің бас директоры Ник Музашвили. – Алты күлтесі бар Amway гүлі денсаулық пен әл-ауқатқа жан-жақты қарауды бейнелейді. Бұл тек физикалық денсаулық пен қаржылық әл-ауқатқа ғана қатысты емес, сонымен қатар позитивті ойлау, адамдармен ортақ мүддеге жұмылу және жан-дүниеңді қанағаттандыратын әрі табыс әкелетін іспен айналысуды қамтитын тұтас кешен. Осы кешенді көзқарас идеясын Қазақстанның білім беру органдары мен мектептері қолдап, оны дамытуға шешім қабылдады. Біз қоғамға, өсіп келе жатқан ұрпаққа және жұмыс істеп жатқан елімізге пайдамыздың тигеніне қуаныштымыз».

Сау-саламат болу және әлеуметтік тұрғыда жайлы өмір сүру – бүгінде бұл жай ғана бұлыңғыр ұғым емес, бұл табысты болашаққа арналған іс-әрекет алгоритмі. Жасөспірімдерге жеке тұлғалық қабілет-қарымын өз бетінше үйлесімді, толыққанды дамыту қиын. Олар ересектердің көмегіне сүйенбейінше, кейде өз өміріне біржақты қарап, оның барлық қырын толық көре алмағандықтан, тұрақтылық пен тепе-теңдікке қол жеткізе алмайды.

«Қазақстанда бұрын-соңды мұндай курс болмаған, бірақ оның керек екенін, іске асыратын уақыт келгенін бәріміз көріп отырмыз, сондықтан жоғары сынып оқушыларына үйлесімді, дұрыс өмір сүруді үйрететін бағдарлама әзірлеу қажет болды, – деді Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми- әдістемелік орталығы» ШЖҚ МКК директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстардың авторы Атейбек Сандуғаш Тұрсынбайқызы. – Біз осыны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымын. Оқушылардың танымдық, физикалық және әлеуметтік белсенділігін дамыта отырып, біздің бағдарламамыз жасөспірімдерге өзін-өзі жақсырақ түсінуіне, жасөспірімдік кезеңді жеңіл өткеруіне және табысты өмір сүруіне көмектеседі».

«Жоғары сынып оқушыларына арналған осындай бағдарлама бар екенін білгенде, біз оны Астанада енгізіп, дамытып, кеңейткіміз келді, сондай-ақ осы курс негізінде жасөспірімдермен іс-шаралар өткізуді жоспарладық, – деді Астана қаласы әкімдігінің

«Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлімінің басшысы Досмухамет Анар Досмухатовна. – Бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте өзекті тақырып, әсіресе соңғы жылдары жасөспірімдер жиі тап болатын қиындықтарға қарап, олардың бойында салауатты және үйлесімді өмір салтын ұстану дағдысының төмен екенін байқаймыз. Курс бағдарламасы осы және денсаулық пен әл-ауқатқа қатысты басқа да маңызды мәселелерді түсіндіруге көмектеседі».

Қазақстандағы мемлекеттік мектептер сияқты, жекеменшік мектептер үшін де жоғары сынып оқушылары арасында денсаулық пен әл-ауқат тақырыбын дамыту бағдарламалары аса маңызды, – деп атап өтті Республикалық жеке білім беру ұйымдары Ассоциациясының жетекшісі Роза Шәріпқызы Садықова: «Біз бұл жобаны жоғары сынып оқушыларын келешекте салауатты, жайлы өмір сүруге дайындаудың маңызды бөлігі ретінде қолдауға дайынбыз. Денсаулықты сақтау және нығайту, әл-ауқатты жақсарту бойынша жасөспірімдердің білім-білігін және дағдысын қалыптастыру қажет. Бүгінгі жастарды осы бағытта оқытып, тәрбиелесек, ертең есейгенде олардың дені сау және бақытты азамат болатынына сенемін».

Элективті курстың сабақтарында топтық, жұптық және жеке жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ эвристикалық, эксперименттік әңгіме, интерактивті әдістер мен әдістемелер, бейнематериалдар, имитациялық ойындар қолданылады. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларды тақырыптарды талдауға, негізгі терминдермен жұмыс істеуге, ой қорытуға, қорытынды жасауға, дилеммаларды шешуге үйретеді. Сабақ оқушылардың білім алуы мен болашақта еңбек етуіне қажетті коммуникативтік қабілет-қарымын жетілдіруге көмектеседі. Мұның бәрі оқушының үйлесімді тұлға боп қалыптасуына ықпал етеді.

Біздің ортақ мақсатымыз – кешенді көзқарастың алты негізгі бағыты арқылы адамдарға өмір сапасын жақсартуына және салауатты өмір салтын ұстануына көмектесу. Алдағы уақытта жобаны бүкіл Қазақстан аумағына кеңейтіп, сондай-ақ университеттер мен колледж студенттеріне арналған осыған ұқсас курс дайындауды жоспарлап отырмыз.

Hi-Tech