Жеңімпаз мешіттер қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Байқаудың мақсаты – қасиетті айдың сән-салтанатын арттыру, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау және оразаның құндылығын насихаттау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-мәслихатында «Әл-Латиф» мешітінің бас имамы Қанатәлі Такиров мәлімдеді.
Жеңімпаз мешіттер қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Байқаудың мақсаты – қасиетті айдың сән-салтанатын арттыру, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау және оразаның құндылығын насихаттау.
Байқау шарттары:
- Қасиетті Рамазан айында мешіт аулаларын безендіру;
- Безендіру жұмыстарында қазақи нақышты қолдану;
- Мешіттің тазалығын қамтамасыз ету;
- Мешітте оразаға қатысты ақпараттардың болуы;
- Ауызашар беретін орындарды безендіру.
Байқауға Алматы қаласында орналасқан мешіттер ғана қатыса алады. Байқауға қатысатын мешіт безендіру жұмыстарын видеоға түсіріп, Алматы Орталық мешітіне жолдайды. Видео «azan.kz_1» ресми Instagram парақшасында жарияланып, жеңімпаздар онлайн дауыс беру және қазылар алқасының шешімі бойынша анықталады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ