Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық дзюдо турнирін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады. Онымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те жарысты көрді.

Биылғы бәсекеге әлемнің 46 елінен 358 дзюдошы қатысуда. Қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті: Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) пен Талғат Орынбасар (-60 кг) күміс, ал Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан (екеуі де -60 кг), Есет Қуанов (-73 кг) және Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Астана Grand Slam турнирін үшінші рет қабылдап отыр.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының
Компьютерлік технологиялар кафедрасының медиажурналистика мамандығының
1-курс студенті Ақнұр Асқарқызы.