Ақмола облысында 10 күннен бері іздестірілген алты жасар баланың мәйіті 10 мамыр күні Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Бала 30 сәуір күні жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына полиция, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Хабар түскен бойда қылмыстық іс қозғалған. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының
Компьютерлік технологиялар кафедрасының медиажурналистика мамандығының
1-курс студенті Ақнұр Асқарқызы.