Соңғы жылдары Алматы қаласында жалдамалы самокаттар өте танымал бола бастады. Әсіресе жастар мен студенттер арасында. Себебі қалада көлік көп, жолдарда кептеліс – күнделікті көрініс. Осы себепті көп адам самокатты тез жүрудің тиімді жолы деп есептейді. Алайда бұл көлік түрінің де өз мәселелері бар.
2025 жылдың басынан бері самокат мінушілер тарапынан 1386 құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша жол жүру ережесін бұзу – 1378 жағдай, ал 615-бап бойынша – 3 жағдай тіркелген. Барлық құқықбұзушыларға қатысты шара қолданылды”, – басылымның ресми сауалына жауап ретінде Санжар Адилов осылай жауап қайтарды.
Басқарма мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айында самокат мінгендердің 20-ға жуығынан сырылу сынды және одан да ауыр жарақаттармен шағым тіркелген.
Биылғы жылдың алғашқы үш айында Алматы қаласында самокат мінгендер қатысқан 13 жол-көлік оқиғасы болды. Барлық оқиға жарақатпен аяқталды – 13 адам зардап шекті,деп хабарлайды-Tengri Auto. Ал,2024 жылы қалада самокат жүргізушілерінің қатысуымен 156 жол апаты тіркеліп, 162 адам жарақат алды.
Қазір қала тұрғындарының басым бөлігі самокаттарға шағымданып жүр. Тротуарда жүріп келе жатқанда, арттан жылдам өте шыққан самокат адамды шошытып жібереді. Өкінішке қарай, арнайы жолақтардың жоқтығы самокат мінгендер мен жаяу жүргіншілер үшін ыңғайсыздық тудыруда. Соның салдарынан жол апаттары да жиілеп кетті.
Жақында Алматы қаласының тұрғыны өзінің оқиғасын айтып берді. Ол көлікті тұрақтан шығарып жатқанда, бір самокатта отырған екі қыз кенеттен алдынан шығып қалып, көлікті көріп шошып, бірден құлап кеткендігін айтты. Абырой болғанда, ешкім қатты жарақат алған жоқ. Бірақ бұл – жастардың жол ережесін сақтамайтынының нақты дәлелі.
Самокатпен жүретіндердің көпшілігі жылдамдықты асырып, қауіпсіздік ережелерін сақтамай,бір самокатқа екі-үш адам отырып, ережені бұзады. Бұл – тек өздеріне емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.
Жалдамалы самокаттардың ыңғайлы тұстары бар. Бірақ ол көлік түрі болғаннан кейін, оған да жауапкершілікпен қарау керек. Сонда ғана қала тұрғындары үшін де, самокатпен жүретіндер үшін де ортақ әрі қауіпсіз болады.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығы ның 1-курс студенті
Ақерке Тұрғанбек