Minimarathon.Kz. Kids Day – бұл жас пен қашықтыққа қарамастан, барлық қатысушыларға арналған жыл сайынғы жүгіру жарысы. Осы жарыста жеңілгендер мен жеңімпаздар, әрі нәтижелер мен жеңіс тұғырлары жоқ. Бұл күні баршамызды спортқа, салауатты өмір салты мен жүгіруге деген махаббат біріктіреді!
Minimarathon.Kz. Kids Day – бұл әшейін «өз қашықтығыңды жүгіру» емес, бұл бүкіл отбасыға арналған нағыз мереке. Бұл күні іс-шараның барлық қатысушылары мен қонақтарын: тамақтану аймағы, аниматорлар, аквагримерлер, серіктестер ұсынған интерактивті аймақтар, DJ, мәре сызығындағы жағымды комплименттер мен әйгілі жүргізушіміз – Сабыр Байзақов күтеді!
Марафон 1 маусым күні Тұңғыш Президент саябағында өтеді.
Тіркелу бағасы (бастапқы жарна): барлық санаттар үшін 0 теңге.
Жүгіру жарысының мақсаты:
- Балалар мен ересектер арасында бұқаралық спортты насихаттау
- Отбасымен бірге салауатты өмір салтын дәріптеу
- Ұлтты сауықтыру бойынша бағдарламаны қолдау.
Жарыстың негізгі идеясы: Өмірдегі барлық үлкен старттар кішкентай жарыстардан басталады!
Қашықтықтар мен жас санаттары
Жас санаты |
Қашықтық |
2 – 3 жас (еріп жүретін адаммен бірге) |
100 м |
4- 5 жас |
300 м |
6-9 жас |
500 м |
10 -15 жас |
1 км |
Командалық /Отбасылық жарыс |
4,2 км |
Шараның таймингі:
07:00 – старттық қалашықтың ашылуы
07:30 – жүргізушінің сөзі
07:50 – 2-3 жас (ата-аналармен бірге) қашықтығы алдындағы сергіту жаттығулары
08:00 – старт 100м 1-ші жүгіру жарысы
08:03 – старт 100м 2- ші жүгіру жарысы
08:06 – старт 100м 3- ші жүгіру жарысы
08:09 – старт 100м 4- ші жүгіру жарысы
08:12 – старт 100 м 5- ші жүгіру жарысы
08:15 – старт 100 м 6- ші жүгіру жарысы
08:20 – 300м мен 500м қашықтықтары алдындағы сергіту жаттығулары
08:30 – старт 300м (4-5 жас қыздар)
08:35 – старт 300м (4-5 жас ұлдар)
08:50 – старт 500м (6-7 жас қыздар)
08:57 – старт 500м (6-7 жас ұлдар)
09:10 – старт 500м (8-9 жас қыздар)
09:17 – старт 500м (8-9 жас ұлдар)
09:35 – старт 500м (ерекше мұқтаждықтары бар балалар)
09:50 – 1 км қашықтығы алдындағы сергіту жаттығулары
10:00 – старт 1км (10-12 жас қыздар)
10:10 – старт 1км (10-12 жас ұлдар)
10:20 – старт 1км (13-15 жас қыздар)
10:30 – старт 1км (13-15 жас ұлдар)
10:40 – 4,2 км (командалар) қашықтығы алдындағы сергіту жаттығулары
10:50 – командалық-отбасылық старт 4,2 км
12:00 – старттық қалашықтың жабылуы
Жүлделер:
- Мәреге жеткен әр адамға жүгіру жарысының естелік медалі табысталады;
- Іс-шараның серіктестері атынан сыйлықтар беріледі
Қатысушыларды тіркеу және жарысқа қатыстыру:
- Қатысушыларды тіркеу https://minimarathon.kz/ сайтында жүргізіліп жатыр
- Старттық жиынтықтарды тарату 2025 жылдың 30 және 31 мамыр күндері Esentay Mall сауда орталығында жүзеге асырылады