«Мен тек сұрап шығамын» жобасы сіздерді 2025 жылдың 21 қыркүйегінде өтетін әйгілі қазақстандық археолог Виктор Новоженовтың «Мыңжылдық байланыс дөңгелегі: Сынтастыдан Пазырыққа дейінгі Қазақ даласындағы арбалар» атты дәрісіне шақырамыз.

Дәріс орыс тілінде, «Rahat Palace» қонақүйінде сағат 16-00 де өтеді.

Дәрісте:

  • Еуразия тарихын өзгерткен алғашқы арбалар қалай пайда болғанын;
  • Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Үндістан жартас бетіндегі құпиялы бейнелер нені жасырып тұрғанын;
  • Арбалар Көне заманның «ғаламторына», қоныс аударулардың, сауданың және мәдени байланыстардың белгісіне қалай айналғанын;
  • Археологтардың бірегей олжалары, арбаларға қатысты мифтер мен аңыздар туралы тың деректер және лектормен бірге ежелгі петроглифтердің Ұлы дала тарихын түсінуге қалай көмектесетінін көресіздер;
  • Жабайы жылқыларды қолға үйрету мен дөңгелектің ойлап табылуы әлем тарихының бағытын өзгертіп, көшпелі өркениеттің дүниеге келуін қалай алдын ала айқындағаны жайында ақпарат алатын боласыздар.

Новоженов Виктор Александрович – тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, шығыстанушы, Еуразиядағы ежелгі және қазіргі коммуникациялар жөніндегі маманы, халықаралық экспедициялардың белсенді қатысушысы және ЮНЕСКО-ның Орталық Азия елдеріндегі сарапшысы.

Күні: 21 қыркүйек 2025 жыл
Басталуы: в 16-00
Мекенжайы: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 29/6, «Rahat Palace» қонақүйі, «Абай-Махамбет» залы.

Дәріс орыс тілінде өтеді. Іс-шараға ерікті қайырымдылық жарна төлеу арқылы қатысуға болады. Ұсынылатын сома – 5 000 теңге.

Құрметті достар, «Мен тек сұрап шығамын» жобасы – коммерциялық емес жоба. Жиналған барлық қаражат «Петроглиф ізшілері» ҚҚ иелігіне өтеді және Қазақстанның петроглифтік мұрасын зерттеу мен сақтау мақсатында қордың ғылыми еріктілері үшін ұйымдастырылатын экспедицияларға жұмсалады.