Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунциндегі BLOOMAGE LIVE•YUDONG•ARENA-да өткен Қытайдың ISU Гран-при кубогында қола медаль жеңіп алды. Спортшы жеңіс тұғырының үшінші сатысына шығып, қола медальға – Қазақстанның әлемдік мәнерлеп сырғанаудың элитасы қатарында тағы да өзін көрсетіп келе жатқанының айқын белгісіне қол жеткізді.

Екі рет өнер көрсеткен Михаил 262,67 ұпай жинап, ерлер арасындағы жекелей сында жүлделі үшінші орын алды. Алтын медалді жапон мәнерлеп сырғанаушысы Сюн Сатоға (278,12) бұйырса, итальяндық Даниэль Грассль күміс медальді (269,43) жеңіп алды. Михаил жинақты әрі мінсіз өнер көрсетіп қысқа бағдардамада 88,33 ұпай, еркін бағдардамада 174,34 ұпай жинағанда бәске тек медаль ғана емес, Қазақстанның беделі, үміті және ұлттық мақтанышы да тігілген еді.

Жалпы 262,67 ұпаймен ол көптеген мықты деген спортшыларды басып озды. Михаил әсіресе еркін сығанауда көзге түсті: техникасы үшін берілген 96,02 ұпайы ол тек мінсіз секіріп қана қоймай, әр егжей-тегжейлілігі мұқият ойластырылып, мұзда мәнерлі қозғалысқа айналған жетілген, саналы өнер көрсеткенінің тағы бір дәлелі болды.

28102025 1

«Бұл қола жүлде менің жаңа маусымдағы тағы бір маңызды қадамым. Чунцинде өте мықты бәсекелестік болды, бапкерлермен сапа мен зейінге көбірек ден қойып, бар күшімізді салдық. Мен қысқа бағдарламада бағыт беріп отырып, еркін сырғанауда зейін мен эмоционалды серпілісті сақтап қалғым келді. Менің командама және қолдау көрсеткені үшін бас демеушіміз «Алтыналмас» компаниясына, басшысы Владимир Викторович Жұманбаевқа алғысымды айтамын, олардың қолдауысыз бұл нәтижеге қол жеткізе алмас едік. Біз жұмысымызды жалғастырып, маусымның келесі жарыс легіне дайындалып жатырмыз, – деді Михаил. – Бұл нәтиже мен үшін медальдан да биік, біз тек жарысқа қатысып, жүлделі орын үшін күресіп қоймаймыз, басты мақсатымыз – ең мықтылар қатарынан көрініп, Қазақстанды әлемдік аренада мықты бәсекелес ретінде көрсету, сондай-ақ елімізде спортшылар арасында мәнерлеп сырғанауды насихаттап, көбірек бұл спорт түріне көпшіліктің назарын аудару».

Чунцинде қола жүлдені жеңіп алған Михаил Шайдоров Гран-при турнир кестесіндегі орнын нығайтып, маусымның негізгі жарыстарына тағы да жақындады. Бірақ бұл әлі соңғы кезең емес, бұл – келесі жекпе-жек алдындағы сөре сызығы. Жарыстың келесі кезеңі 14-16 қараша күндері АҚШ-та, Лейк-Плэсидте өтетін Skate America-2025 турнирінде жалғасады, онда Михаил Шайдоров тағы да әлемдік мұз айдынында Қазақстанның атынан өнер көрсетпек.