13 қараша күні Freedom Media онлайн-кинотеатрында жаңа қазақстандық «ADASQAN» («Адаскан») сериалының тұсаукесері өтті. Бұл әлеуметтік драма Қазақстандағы балалардың жоғалуы мәселесіне назар аударуға арналған.  Сериалдың сюжеті бес жасар ұлын Қаралы атты ойдан шығарылған қалада жоғалтып алған отбасының оқиғасына негізделген.

Әкесі жеті жыл бойы баласын тоқтаусыз іздейді.Сондай-ақ сериалда қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетін қарапайым, бірақ аса маңызды қағидалар көрсетілген.

Мәселенің өзектілігін түсіне отырып, Freedom Media Lider.kz еріктілер ұйымымен бірлесе отырып, #АДАСПА ақпараттық науқанын бастады.

Науқанның мақсаты — ата-аналарды балалардың жоғалуын алдын алатын негізгі ережелермен таныстыру.

#АДАСПА науқанының негізгі ережелері:

  1. Жоғалып кеткен кезде, кездесетін орын жайлы келісіп алу керек.
  2. Бала ата-анасының телефон нөмірін жатқа білуі қажет.
  3. Қауіп төнсе, қатты дауыстап көмекке шақыруды үйрету керек.
  4. GPS-трекерлер  немесе арнайы бақылау құрылғыларын пайдаланыңыз.

Бұл ережелер Lider.kz ұйымының мамандары, елімізде жоғалған балаларды іздеуге қатысқан сарапшылармен бірлесе әзірленді.

Lider.kz еріктілер ұйымының жетекшісі, Алматы және Алматы облысындағы іздеу жұмыстарының үйлестірушісі Дильмиры Блацтың айтуынша, тек 2025 жылдың алғашқы 10 айында Алматыда Lider.kz ұйымына 517 жоғалған адамдар туралы өтініш түскен. Еріктілердің жасаған жұмысының арқасында:

  • 372 адам тірі табылған, соның ішінде 281 бала;
  • 15 адам өлі күйінде табылған;
  • Қалған өтініштер бойынша іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сериалдың креативті продюсері Сергей Литовченко әлеуметтік мәселеге назар аударғанын атап өтті:

«ADASQAN — бұл тек көркем сериал ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтарды балаларына көбірек көңіл бөлуге, қауіп-қатерге уақытылы жауап беруге және әр отбасыда қарапайым қауіпсіздік ережелерін енгізуге шақыратын әлеуметтік манифест».

Сериал қазір Freedom Media платформасында қолжетімді, ал #АДАСПА ақпараттық науқаны туралы толық ақпаратты adaspa.fmedia.kz сайтынан табуға болады.