Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Лейк-Плэсидте өткен ISU Гран-при сериясының бесінші кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, екі бағдарлама нәтижесі бойынша сенімді түрде жеңіс тұғырына көтеріліп, екінші орын алды.

Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров үшінші орында келе жатқан еді, бірақ еркін сырғанауда мықты әрі техникалық тұрғыдан әсерлі өнер көрсетті. Негізгі элементтерді тұрақты орындап, ойлер арқылы үштік аксель мен төрттік сальховты бірегей үйлестіре алған Михаил еркін бағдарламада үздік техникалық баға алып, жалпы 251,09 ұпай жинады, сөйтіп жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. АҚШ-та алған күмісі мен Қытайда алған қоласынан кейін, 24 ұпай жинаған Михаил жалпы есепте үшінші орынға шығып,  Гран-при финалына шығуға сенімді түрде үміт арта алады.

“Бүгінгі өнеріме шынымен ризамын – бәрі жоспарлағандай болды. Көрермендер керемет атмосфера жасады, мен Лейк-Плэсидте қайта өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын. Мен мұнда 2023 жылғы Универсиадада болдым және осы мұз айдынына қуана оралдым. Таза сырғанадым деп ойлаймын, бірақ алда әлі көп жұмыс бар – маусым енді ғана басталып жатыр. Ертең еркін бағдарламада соңына дейін күресемін”

«Алтын Алмас» компаниясы мен бас демеуші Владимир Викторович Жұманбаевқа шексіз алғысымызды білдіреміз, осындай тұрақты қолдаудың арқасында спортшы тез өсіп, жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік ала алды.