Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы 2025 жылғы командалық шахмат әлем чемпионаты аяқталды. Бас жүлде FIDE Team құрамасына бұйырды, ал Қазақстан құрамасы 4-ші орынды иеленді.
2025 жылғы 18–23 қараша аралығында Линаресте әйелдер арасындағы 10-шы командалық әлем чемпионаты (FIDE World Women’s Team Championship 2025) өтті. Жарысқа Қазақстан құрамасын қоса алғанда, 12 құрама қатысты.
1-ші орын үшін матчта FIDE Team және Әзербайжан құрамасы кездесті. Екі жағдайда да жеңіс FIDE Team тарапында болды:
Финал. FIDE Team 4–0 Әзербайджан:
3–1 (Горячкина 1–0 Фаталиева, Бейдуллаева ½–½ Лагно, Шувалова 1–0 Баладжаева, Мамедова ½–½ Гарифуллина);
2½–1½ (Фаталиева ½–½ Горячкина, Лагно ½–½ Бейдуллаева, Мамедова ½–½ Шувалова, Гарифуллина 1–0 Аллахвердиева).
Алтын медаль иегерлері: GM Александра Горячкина (2540), GM Катерина Лагно (2517), IM Полина Шувалова (2472), IM Лея Гарифуллина (2458), WGM Анна Шухман (2418), GM Ольга Гиря (2390), команда капитаны – GM Сергей Рублевский.
Күміс медаль иегерлері – Әзербайжан құрамасы: IM Ульвия Фаталиева (2420), WGM Говхар Бейдуллаева (2358), IM Ханым Баладжаева (2350), IM Гюльнар Мамедова (2338), WIM Аян Аллахвердиева (2209), WGM Илаха Кадымова (2314) – команда капитаны.
3-ші орын үшін матчта Қазақстан және Қытай құрамалары кездесті. Алғашқы матчта жеңіліс болғаннан кейін (Ксения Балабаеваның «батареясы мүлде таусылды», Бибісара Асаубаева турнирге бабында келген жоқ), екінші матч қолданылмай қалған мүмкіндіктер матчы болды. Біз үшін «қарамен» өткен екі партия тең аяқталды, ал «ақпен» өткен екеуі жеңіске үміт сыйлады. Өкінішке қарай, өзара цейтнотта Лия Құрманғалиева жеңіске бастайтын жалғастыруды ғана емес, тіпті тең нәтижені де сақтап қала алмады. Осыдан кейін тай-брейк болмайтыны анық болды…
Кіші финал. Қытай – Қазақстан – 4–0:
2½–1½ (Асаубаева 0–1 Сун Юйсинь, Гуо Ци ½–½ Құрманғалиева, Балабаева 0–1 Чжай Мо, Ли Сюэйи 0–1 Қалиахмет);
2½–1½ (Сун Юйсинь ½–½ Камалиденова, Құрманғалиева 0–1 Лю Мяойи, Гуо Ци ½–½ Нұрғалиева, Қалиахмет ½–½ Чжай Мо).
Қола медаль иегерлері – Қытай құрамасы: GM Хоу Ифань (2620), IM Sун Юйсинь (2448), IM Лю Мяойи (2440), IM Гуо Ци (2384), WGM Чжай Мо (2384), WGM Ли Сюэйи (2211), капитан – IM Шэнь Ян.
Қазақстан құрамасы – 4-ші орын: GM Бибісара Асаубаева (2513), IM Меруерт Камалиденова (2343), WGM Лия Құрманғалиева (2287), WGM Ксения Балабаева (2360), WIM Зарина Нұрғалиева (2310), WIM Елназ Қалиахмет (2274), капитан – GM Павел Коцур.
Жеке тақталардағы үздіктер: 1-ші тақта – Ульвия Фаталиева (Әзербайжан, перфоманс – 2524), 2-ші тақта – Меруерт Камалиденова (2531), 3-ші тақта – Полина Шувалова (FIDE Team, 2827), 4-ші тақта – Мери Арабидзе (Грузия, 2463), 5-ші тақта – Анна Шухман (FIDE Team, 2674), үшінші орында Зарина Нұрғалиева (2276), 6-шы тақта – Елназ Қалиахмет (2515).
2023 жылғы командалық әлем чемпионаты мен 2024 жылғы шахмат Олимпиадасында Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер болғанын ескерсек, 4-ші орын – біршама әлсіз нәтиже. Сонымен бірге, бұл чемпионат ел құрамасының болашағы үшін зор үміт сыйлады: 15 жастағы Елназ Қалиахмет негізгі құрамда тамаша дебют жасады, 16 жастағы Зарина Нұрғалиева алғаш рет осындай деңгейде ойнады. Алда – 12 жасқа толатын WFM Аланна Берікқызы (2241), сондай-ақ 18 жастағы WGM Алуа Нұрман (2344) мен 19 жастағы WGM Әмина Қайырбекова (2324) бар. 2026 жылғы шахмат олимпиадасында орын үшін талас өте тартысты болатыны анық…