Алматыда өтіп жатқан KazChess Masters халықаралық шахмат турнирінде үш тур ойналды. Жарыстың рейтинг фавориті Алексей Сарана (Сербия) үш партияның үшеуінде де жеңіске жетіп, жеке-дара көш бастап келеді.
KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) ұйымдастырған XIII категориялы бұл турнирге бес шетелдік гроссмейстер мен Қазақстан ерлер құрамасының бес шахматшысы қатысуда. Олар классикалық уақыт бақылауымен айналмалы жүйеде ойнап жатыр: алғашқы 40 жүріске 90 минут, партия соңына дейін 30 минут және әр жүріске бірінші жүрістен бастап 30 секунд қосылады.
Үш турдың қорытындысы бойынша жалғыз максималды нәтиже көрсеткен ойыншы – Алексей Сарана. Екінші орында келе жатқан Володар Мурзинде – бір жеңіс. Одан кейін екі топ орналасқан: 1½ ұпайы барлар және 1 ұпайы барлар.
KazChess Masters 2025: 1. GM Алексей Сарана (2675, Сербия) – 3 очка; 2. GM Володар Мурзин (2655, FIDE) – 2; 3–6. GM Қазыбек Нөгербек (2538), GM Борис Гельфанд (2633, Израиль), IM Алдияр Аңсат (2476) и GM Максим Чигаев (2628, Испания) – 1½ ұпайдан; 7–10. GM Эдгар Мамедов (2492), GM Мурали Картикеян (2662, Үндістан), GM Денис Махнёв (2525) и IM Сауат Нұрғалиев (2437).
1–8-турлар Қазақстан уақытымен 15:00-де, 9-шы тур – 11:00-де басталады.
Турнир аясында ФИДЕ нұсқасы бойынша 2004 жылғы әлем чемпионы, GM Рустам Қасымжановпен (2671, Өзбекстан) көрсетілімдік бір мезгілде ойын сеансы өтетінін еске саламыз.
24 қараша күні 10:00-де онымен 2025 жылғы «Жас таланттарды қолдау бағдарламасының» 10 қатысушысы және жақын резерв ойыншылары – Марк Смирнов, Данис Қуандықұлы, Акарыс Жандос, Нұрмұхаммед Қабиназар, Жансая Шолпанбек, Айару Алтынбек, Нұрмұхаммед Елемес, Алтайыр Қажмұратов, Алдияр Қадыр және Адриана Сермұхамедова кездеседі.