Жаңа жыл қарсаңында «Алматыкітап баспасы»  отанымыздың 20 өңірдегі цифрлық ресурстарға қолжетімділігі шектеулі шағын жинақты және шет аймақтардағы мектептерге әрқайсысының құны 400 000 (төрт жүз мың) теңге болатын 1000 (бір мың) білім беру стацияларын сыйға тарту етеді.

 Еліміздің білім беру саласына әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жоба - Қарағанды, Ұлытау облыстарынан бастау алып, 19 желтоқсан күні  Алматы қаласы мен Алматы облысы мектептерінде жалғаспақ және 22 мен 24 желтоқсан аралығында Астана қаласы мен Ақмола облысы, Шымкент қаласы, Абай, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында өтеді.

Аталған жоба – шалғайдағы мектептер мен кітапханаларды интернетсіз жұмыс істейтін заманауи цифрлық ресурстармен және жасанды интеллект құралдарымен жабдықталған «TopIQ-MobilBox» оқу станцияларымен қамтамасыз етуге бағытталған тың қадам.

«TopIQ-MobilBox» – оқу үдерісін қолдауға арналған автономды оқу станциясы. Құрылғы шалғай елді мекендердегі және шеткері қала мектептеріндегі оқушылар мен мұғалімдерге оқу контентін еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу станциясына:

  • қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдеби кітап;
  • бейнематериалдар, аудиоконтент, мультфильмдер;
  • интерактивті тапсырмалар мен тесттер енгізілген.

Сондай-ақ оқу станциясында мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі бар. Ол сабақ жоспарларын әзірлеуге, оқу материалдарын таңдауға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президентінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау, елдегі шағын жинақты мектептерге, кітапханаларға және педагогикалық колледждерге көмек көрсету, оларды заманауи оқу құралдарымен қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыруға үлес қосу.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында «TopIQ-MobilBox» оқу станциялары Алматы қаласы мен Алматы облысының шағын жинақты мектептеріне, сондай-ақ TopIQ.kz платформасын үздік пайдаланған және республикалық «Leader TopIQ» байқауында жеңімпаздары көп шыққан өңірдің 90 мектебіне Жаңа жылдық сый ретінде табысталады.