Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан көшбасшысы Михаил Шайдоров ISU Four Continents Championships 2026 (Бейжің, National Indoor Stadium) жарысында өзін жоғары деңгейде көрсетіп, жеке сырғанау бойынша үздік бестікке енді.
Ерлердің қысқа сырғанау бағдарламасында Михаил 90.55 паймен 4-ші орын алды. Еркін бағдарламада ол күннің ең мықты сырғанауларының бірін көрсетіп, 175,65 ұпаймен екінші орын алды. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша ол 266,20 ұпай жинап, құрлықтың ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы чемпионатты жалпы есепте бесінші орынмен аяқтады. Ерлер арасындағы турнирде алтын мен күміс жүлде иегерлері арасындағы айырмашылық небәрі 0,11 ұпайды құрады. Жеңісті Као Миура (Жапония) 273,73 ұпаймен жеңіп алды, екінші орынды Чха Джунхван (Корея Республикасы) — 273,62 ұпай, ал үшінші орынды Сота Ямамото (Жапония) — 270,07 ұпаймен иеленді.
Қазақстан үшін Михаил Шайдоров құрлық көшбасшыларымен бәсекеде өзінің шынайы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей отырып, элита қатарында сенімді түрде орнықты.
Михаил Шайдоровтың сырғау мәнеріндегі оның визиттік картасына және басты артықшылығына айналған, өте күрделі техникалық элементтер жиынтығы, спортшының көрсететін өнерінің негізі екенін тағы бір дәлелдеді. Өз сырғанау бағдарламасында ол 4Lz+3T (төрт айналымды лутц + үш айналымды тулуп) каскадын сенімді қорымен және сапа үшін оң үстемелермен орындады, одан кейін бағдарламаның екінші жартысында 4T (төрт айналымды тулуп), сондай-ақ 3A (үш айналымды аксель) секірісін көрсетті.
Каскадтағы төрт айналымды лутц қазіргі ерлер мәнерлеп сырғанауындағы ең қауіпті әрі ең күрделі элементтердің бірі болып саналады, ал оның сенімді орындалуы Қазақстан құрамасының көшбасшысының жоғары техникалық әлеуетін айқын дәлелдеді.
«Жалпы алғанда, нәтижеге көңілім толды, жарыстар әрдайым пайдалы. Әсіресе осындай ірі турнирлерде, оның үстіне олимпиадалық стадионда өткенде. Бұл маған өзімді қолға алып, бекем бола түсуге көмектесті. Бұл жарыста шыңдала түстім. Алған бағам жаман емес. Өкінішке орай, алғашқы элемент ойдағыдай шықпады, ол құрдан-құр ең күрделі элемент болып саналатыныды ғой . Одан кейін бәрі жоспар бойынша өрбіді. Нәтижесі өте жақсы болды», — деді Шайдоров Қазақстан Республикасының Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Осы маусымда Михаилдың қысқа бағдарламасы Ханс Циммердің Dune саундтрегіндегі музыкаға құрылған, бұл оның сырғанауына айқын кинематографиялық сипат береді. Ал еркін бағдарламасын ол Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Confessa – The Diva Dance» композициясы мен «Бесінші элемент» фильмінің саундтрегіндегі «The Diva Dance» музыкасының үйлесімімен орындайды. Бұл — жарқын туындылар, спортшының әртістік шеберлігін және бағдарламасын тұтас шоу ретінде жинақтай білу қабілетін айқындай түседі.
Спортшының дайындығын 1994 жылғы Олимпиада чемпионы Алексей Урманов бастаған жаттықтырушылар штабы жүргізіп отыр: Дәл осы мектептің ықпалымен Михаил Шайдоровтың әр қойылымы кемелдігімен көзге түсіп, жасайтын күрделі элементтерінің қауіпті сәттері сауатты бақылауда екені спортшының әрбір стартында айқын байқалады. Ұзақ мерзімді дайындықта серіктестердің қолдауы да маңызды рөл атқарады — «АК Алтыналмас» АҚ мен Михаилдың бас демеушісі Владимир Джуманбаевтың қолдауының арқасында команда маусымның негізгі старттарына апарар жолдағы жаттығу және жарыс кестесін жүйелі түрде жоспарлай алады.
Бейжіңдегі өнер көрсету маусымның шешуші кезеңіндегі маңызды белеске айналды, ал құрлықтың ең мықты мәнерлеп сырғанаушыларына қарсы тұрақты сырғанаулар Михаилдың жылдың басты мақсатына оңтайлы формада жақындап келе жатқанын дәлелдейді. Алда — 2026 жылғы Милан–Кортина Олимпиада ойындары. Бұл додада Михаил Қазақстанның намысын әлемдік деңгейдегі ең биік спорт сахнасында қорғап, жаңа нәтижелер үшін күресін жалғастырады.