28 қаңтар күні «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мұхтар Әуезов атындағы кітапханасында көрнекті ғалым, абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «ҰСТАЗ бен ШӘКІРТ. Мұхтар мен Қайым. Рухани сабақтастық» атты әдеби кеш өтті.
«Қайым Мұхамедханов: Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана қорындағы және Мұрат Әуезовтің жеке қорындағы, сондай-ақ «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» қорындағы кітаптар қойылды. Кітап көрмесіне Қ.Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі мен қайраткерлігі туралы жинақтар, кітаптар, естеліктер, фото және архив құжаттары қойылған. Көрнекті ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы, абайтану, әуезовтану, шәкәрімтану саласында жазған ғылыми еңбектері, мерзімдік басылымға шыққан мақалалар қойылған. Көрме «Ғалым. Қайраткер. Тұлға», «Ұлттық рухтың қазынасы», «Өзі музей, өзі архив, өзі мектеп» атты бөлімдерден тұрды.

Әдеби кешке Білім берудің халықаралық дамуы саласындағы ғылым докторы, профессор «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» орталығының директоры Дина Қайымқызы Мұхамедхан; үлкен ұлы, дыбыс режиссер Жаныбек Мухамедхан; «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Асқарұлы Қонаев; кештің модераторы - Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының сарапшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Пірәлиева Гүлзия Жайлауқызы; шәкірт, «Алдымда ақын Абай Темірқазық» кітабының редакторы Әбубәкір Қайран; шәкірт, «Ер қазақ» кітабының авторы Дәулет Сейсенұлы; Қайым өлеңдерін арабша графикадан аударған Қуаныш Шайзадиев; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, «Қазақ философиясы» орталығының директоры Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Рәбиға Сыздықтың шәкірті Орынай Жұбай; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, профессор Айнұр Жасағанбергенқызы Қазтуғанова қатысты. Сондай-ақ шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен мәдениет өкілдері, зиялы қауым шақырылды.

Қайым Мұхамедхановқа арналған әндер «Ұстаз туралы ән», «Жан аға», Қайым Мұхамедхановтың ұстазы Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңі «Мұхтар аға» орындалды. «Жан аға» әнін (Теміржан Базарбаев, сөзі: Ақылбек Манабаевті) Кабжанова Назерке «Вокал және дирижерлеу факультеті, дирижерлеу кафедрасының» 1 курс магистранты орындады. Сүйемелдеген Нышанбаев Нұрислам «Халық музыкасы факультеті, қобыз және баян кафедрасының» 1 курс магистранты. «Ұстаз туралы әнді» (әні: Темір Тайбеков, сөзі: Оралбек Жұмаділовтікі) «Жәния Әубәкірованың авторлық мектебінің» 4 сынып оқушысы Абилов Тамерлан орындады. «Мұқтар аға» әнін (әні: Теміржан Базарбаевті) өнертану ғылымдарының магистрі Кенжеғалиқызы Сағыныш орындады. Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлауды» М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің ғылыми қызметкері Жаманбалинов Ернат Ерболатұлы орындады.

Бұл іс-шараның мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиеті мен ғылымындағы өлшеусіз еңбегін кеңінен насихаттау, оның Мұхтар Әуезовпен рухани-ғылыми сабақтастығын таныту арқылы ұстаз бен шәкірт дәстүрінің маңызын жас ұрпаққа үлгі ету.

Кеш барысында М.Әуезовтің немересі, шығыстанушы және түркітанушы ғалым Зифа-Алуа Әуезованың онлайн-құттықтауы көрсетілді. Дина Қайымқызы Мұхамедхан «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» орталығы атынан кеш қонақтары мен кітапхана ұжымына алғыс хат табыстады. «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры шығарған «Ел тарихы адамдар тағдырында» атты кітап барлық «Алматы кітапханалары» бөлімшелеріне және өнер көрсеткен өнерпаздарға сыйға тартылды. Арнайы бұқаралық ақпарат құралдары «Abai TV», «24 KZ» телеканалдары шақырылды.

28 января в библиотеке имени Мухтара Ауэзова ЦБС г.Алматы состоялся литературный вечер под названием «УЧИТЕЛЬ и УЧЕНИК. Мухтар и Каим. Духовная преемственность», посвященный 110-летию со дня рождения выдающегося ученого, лауреата Государственной премии Каима Мухамедханова. Была организована книжная выставка под названием «Каим Мухамедханов: младший брат Абая, старший брат Алаша». На выставке были представлены книги из собрания библиотеки Мухтара Ауэзова и личной коллекции Мурата Ауэзова, а также из фонда «Образование и культура имени Каима Мухамедханова». На книжной выставке представлены коллекции, книги, мемуары, фотографии и архивные документы, посвященные жизни и деятельности К. Мухамедханова, его общественной деятельности и активизму.
Цель этого мероприятия – широко популяризировать неоценимый вклад Каима Мухамедханова в казахскую литературу и науку, продемонстрировать его духовную и научную преемственность с Мухтаром Ауэзовым и показать молодому поколению важность традиции учителя и ученика.
Было показано онлайн-поздравление от внучки М.Ауэзова, востоковеда и тюрколога Зифы-Алуа Ауэзовой. Дина Каймовна Мухамедхан от имени Центра образования и культуры имени Кайима Мухамедханова передала гостям вечера и сотрудникам библиотеки благодарственное письмо. Книга «История страны в судьбе народа», изданная общественным фондом «Центр образования и культуры имени Каима Мухамедханова», была представлена всем филиалам «Библиотеки Алматы» и участникам представления. Специально приглашены были представители СМИ «Абай ТВ» и «24 КЗ».