Отбасы — адамға ауыр жүк емес, керісінше, өмірде алға ұмтылуға күш беретін орта. Алты бала тәрбиелеп, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген Биляловтар әулетінің өмір жолы осының жарқын мысалы.
Өз өнері арқылы төл мұрамызды кеңінен танытып, халықаралық деңгейде рекорд орнатқан отбасы еңбекқорлық пен өзара қолдаудың маңызын көрсетіп келеді. Биляловтар үшін бала тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу — отбасы өмірінің ажырамас бөлігі.
Бейнероликте әулеттің отбасы бақытына қатысты ұстанымдары, бала тәрбиесіндегі қағидалары және ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізу жолдары баяндалады.
Берік отбасы — қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Биляловтар әулетінің өнегесі жас ұрпақ үшін маңызды үлгі бола алады.