Алматыда Крещение мейрамында суға түсуге рұқсат етілген орындар анықталды
19 қаңтарда православ христиандары «Крещение Господне»мерекесін атап өтеді. Алматыда шомылуға арналған 10 орын анықталды, онда шомылатын жерлер жабдықталып, орнатылады. Алматы қаласы ТЖД өкілдері және басқа да жауапты қызмет өкілдері ӨКҚ брифингіне қатысып, ойықта шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты.