«ҚазТрансГазАймақ»-тың Алматы филиалы күз-қыс маусымына дайындық жұмыстарын 100 % аяқтады
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер табиғи газды пайдалану бойынша ұсыныстар бере отырып, жылыту маусымына дайындық туралы айтып берді.