Кене энцефалитінің алдын алудың ең жақсы шарасы вакцинация болып қала беретіні алматылықтарға тағы бір мәрте еске салынды
Алматы қаласының маңы кене инфекцияларының тасымалдаушысы болып табылатын иксод кенелері таралған эндемиялық аймақтар болып саналады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.