Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 210 000 дозасы сатып алынды
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ӨКҚ брифингінде мегаполисте тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталғанын хабарлады. Айта кетсек, қалада ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалады, өткен аптада 5 943 жағдай тіркелді.