Абай – рухани дамудағы темірқазық бен ұлттық бағдарымыз
Елімізде 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді. Осы атаулы күннің құрметіне Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтті. Онда Әл Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйлә Мұсалы сөз сөйледі.