Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты қалалық пленэрге қатысушылардың жұмыстар көрмесіне

ҚР Суретшілер одағы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте қала күні басталып, 10 күнге созылған кескіндеме бойынша қалалық пленэр өткізді. Бұл көрме осы кезеңде орындалған жұмыстарды ұсынады. Жобаға 15 суретші қатысты, олардың ішінде 10 ҚР Суретшілер одағының мүшесі және 5 автор ҚР Суретшілер одағы жанындағы Жас суретшілер одағының мүшесі. Бұл бес жас суретші Тәуелсіздіктің құрдасы, олар 1991 жылы туылған.

Жобаның мақсаты шығармашылық кенепте қала дамуының үш кезеңін көрсету болып табылады: Верный қаласының дамуының ерте кезеңі, сол кездегі құрылыстармен, оның ішінде ХХI ғасырдағы ағаш ғимараттары, сәулет өнерінің өзіндік стилі бар және көптеген ғимараттары мемлекеттің қорғауына алынған кеңестік уақыт, және де ХХ1 ғасырдың индустриализациясын көрсететін нысандар, хай тек пен жаңа технологиялар басым Тәуелсіздік кезеңіндегі Алматының жаңа бейнелері.

Суретшілерді қойылған міндеттерге тезірек батыру мақсатында арнайы экскурсия жүргізілді, оның барысында қатысушылар көптеген қызықты нәрселерді білді, мысалы, Верный қаласының ағаш ғимараттарында сейсмикалық тұрақтылық мәселесі қалай шешілді. Ол үшін үйлердің астына жер сілкінісін сөндіретін арнайы жастығы бар жартылай жертөлелер салынған екен. Бұл үйлердің суреттерін көрмеде көруге болады. Кеңестік кезең қаланың басты белгісіне айналған ғимараттармен және ескерткіштермен ұсынылып отыр.

2021 жылы қайта құрылстан өткізілген мүсіндер саябағын қамтитын Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы ғимаратының қасбеті бірінші рет суреттелді. Суретшілердің шығармаларындағы соңғы кезеңнің сәулеттік мотивтері алғаш рет көрсетіліп отыр. Бұлар: Шығыс айналма жолы, Нұрлы тау ғимараттары, Халық арена, жаңа заман талабына сәйкес қаламыздың дамуын білдіретін заманауи кварталдар.

Бұл жұмыстар енді қала тарихында мәңгі қалады, көркем шығармаларда уақыттың зымыран ағымындағы қала бейнелерін және сонымен бірге ХХI ғасыр суретшілерінің қазіргі заманға деген көзқарасын бейнелейді.