Көрме жетекшісі Сара д’Алессандро Маноццо. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, Алматы, Қазақстан. 24 маусым – 22 шілде 2022.
"Sinfonia" – Сара д'Алессандро Маноццо жетекшілік ететін Алессандро Шараффоның (Туринде д.к., 1976) иммерсивті және партисипаторлы инсталляциясы. Fondazione Torino Musei – GAM бастаған жоба Италияда да, шет елде де бейнелеу өнері саласында заманауи итальяндық практика жайында көпшілікке таратып, хабардар етуге, ілгері жылжытуға бағытталған мәдени жобаларға қолдау көрсететін Италия Мәдениет министрлігінің Заманауи өнер Бас басқармасының итальян өнерін халықаралық ілгері жылжыту бағдарламасының – Италия кеңесі (ІХ басылым, 2020 ж.) конкурсының жеңімпазы болды. GAM коллекциясының тұрақты бөлігіне айналатын Симфония енді abr және БанкЦентрКредиттің қолдауымен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде көрсетіледі.
Жұмыс көрермендерді белгісіз физикалық құбылыс арқылы шығармашылық саяхатқа бастайтын тәжірибені ұсыну үшін хордан, гонгтың физикалық және архетиптік дірілінен бастап табиғат түкпіріндегі дыбыстарға, мәдениеттің өрілуіне, табиғат құбылыстарына, дыбыстық технологиялар мен толқындарға дейін арналған. Біздің елімізде кейінгі оқиғалар аясында бұл инсталляция қасиеттер мен өзектілікке ие болады, мұның негізгі мәні – табиғат пен өнер арқылы табиғат пен адамды бір-бір-бірімен біріктіру.
Жоба бізді біртұтас және баянсыз қуыс әлеміне алып кетеді, онда кез-келген адам үлкен бір нәрсенің бір бөлігі бола отырып, ғайыптықты сезіне алады. Бұл жұмыс әсіресе Күнге, Көк Тәңірі мен Жер-Анаға табынып, табиғат дыбыстары мен аспаптарға еліктеген, солармен өзара әрекет етіп, әдет-ғұрыптарын орындаған ежелгі көшпенділердің ұрпақтары үшін әрі жұмбақ, әрі түсінікті. Сол себепті, Италияда жасалған бұл жұмыс Қазақстанда өзінің жалғасын тауып, мәңгілікпен нағыз диалог жүргізеді. Шараффаның суретші ретінде мансабы көрермендердің тікелей қатысуын керек қылатын эксперименттік технологиялардың көмегімен талдап, зерттейтін көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарына бағытталған.
Оның практикасының нәтижесі дыбыстың, технологиялардың және табиғаттың симбиотикалық қатысуымен сипатталады, және 2019 жылы Luci d'Artista Жарықтық инсталляциялар фестивалі кезінде GAM ұсынғандай, Auroraда болған оқиға кезінде көрінгендей, Симфония сондай-ақ, оны көрнекті етіп, жылт-жылт еткен жарықпен, оның түстері мен формаларының шексіз нюанстарымен төмен жиіліктегі сезімтал аппаратураға жазылып алынған солтүстік шұғыласының естілмейтін дыбысын зерттейді.
Симфония жағдайында гонгпен өзара әрекетке түсетін келушілер дыбыс пен жарықты күшейтеді. Осы жұмысты жоспарлай отырып, Алессандро Шараффа: «Мұнда тұтанып, жарқырай бастайтын солтүстік шұғыласының дыбысының қосылатыны анықталады. Сіз бұл жыпылықтайтын шамдарға артынан гонгпен жарып жіберуге болатын уақыт-кеңістікте қалықтаған үлкен суреттер сияқты қарай аласыз» деді.
Алессандро Шараффа (Турин, 1976) Туринде тұрып, сонда еңбек етеді. Турин политехникалық университетінің сәулет факультетін аяқтағаннан кейін оның практикасы дыбыс өнеріне, технологиялардың көмегімен ұсынылған дыбыстық толқындар мен көрінбейтін табиғат құбылыстарын зерттеуге бағытталды. Оның жеке көрмелерінің ішінде: Аврора, Жер Мәскеу, Мәскеу (2019); Қысқы симфония, Эрмитаж, Санкт-Петербург (2019); De Umbris Idearum, Complesso Monumentale di San Severo al Pendino, Неаполь (2019); Космонавтика, Кастелло ди Костильоле д’Асти (2019); Күннің батуы мен таң арасындағы тұтылу, Маццоли галереясы, Берлин (2017); Fontanella, Galerie Italienne, Париж (2016); I Lunatici parlano alla luna, Galleria Giorgio Persano, Турин (2014); Үлкен Турин, Fondazione Sandretto Re Rebaudengo, Турин (2013 г.); VITRINE, GAM - Galleria Civica d’Arte Moderna e Contemporanea, Турин (2012); Ti porto il mare, Fondazione Merz, Турин (2011). Сара д'Алессандро Маноццо (Рим, 1982 г.) — өнертанушы әрі көрме жетекшісі. Ол сонымен бірге The Garage (Канберра, Австралия) тәуелсіз жобасының негізін салып, Трентода күту залының резиденциясында жетекшілік етті. Оның Алессандро Шараффамен ынтымақтастығы 2019 жылы Кастелло-ди-Костиглиоле-д’Астидегі «Космонавтика» көрмесінен басталды.