2023 жылдың 4 шілде күні сағат 19:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Астана күніне орай «Made in KZ» тобының «Асқақтай бер, Астана!» атты шығармашылық кеші өтеді.

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласы 25 жылдығын атап өткелі отыр.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған болатын.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткен еді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алған Астана бүгінде самұрық құсындай қанатын кеңге самғап келеді.

Жыл сайын осы атаулы күні еліміздің түкпір-түкпірінде салтанатты түрде аталып өтеді. Осыған орай, мәдени астанамыз – Алматының төрінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде бүгінде домбыра аспабын әлемге танытып дәстүрлі өнер мен әлемдік музыканың әдемі үйлесімін қалыптастырып жүрген «Made in KZ» тобының шығармашылық кеші өтеді.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Зенков к., 24 А
4 шілде, 2023 ж., сағат 19:00.