Әсем қаламыз Алматы – шабыт пен шығармашылық отаны. Еліміздің арман қуған талантты жастарының шоғырланатын мәдени астанасы да осы. Кино, театр, музыка және бейнелеу өнерінің үздік туындылары арман қаласында туып жатады.

Алдымыздағы қыркүйектің 13 жұлдызынан бастап, төрт күн қатарынан, Әбілхан Қастеева атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қала күніне орай, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Арман қала» атты еліміздің барлық аймағынан суретші пейзежшылардың қала көріністеріне арналған жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде қаламыздың көрнекті жерлері бейнеленген әсем көріністерге куә боласыздар. 13-17 қыркүйек аралығында сағат 14:00 ден 20:00 ге дейін «Арман қала» суретшілер жәрмеңкесін тамашалай аласыздар.

Куратор – Нүсіп Ақжігіт