2024 жылғы 2 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты (Кескіндеме. Графика. Мүсін өнері) көрмесі ашылады.
Экспозицияда кеңес заманы мен қазақстандық суретшілердің, ҰОС қатысушыларының 50-ден аса туындылары, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлеріне арналған картиналар қойылады. Көрменің ашылуында көрермендер әскери-тарихи музейдің директоры А. Байқадамованың қолдауымен ұсынылған генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттарын тамашалай алады.
«Жеңістің жұлдызды сағаты» көрмесінің мазмұны сан қырлы. Көрменің интерактивті ақпараттық сүйемелденуі ұлы жеңіс үшін майданда шайқасқан қазақстандықтар мен Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандық суретшілерге арналған, олардың ішінде : Ү.Әжиев, П.Андриюк, П.Антоненко, К.Баранов, И.Бондаренко, И.Виноградов, Н.Гаев, Л.Гербановский, А.Горовых, А.Дроздов, А.Евдаков, Р.Есиркеев, Г.Иляев, А.Ильин, Д.Калачев, Ж.Канапьянов, Ч.Кенжебаев, В.Колоденко, В.Константинов, К.Кузнецов, Г.Максимов, Е.Молданиязов, Р.Мейрманов, А.Молдабеков, Н.Наседкин, Н.Нұрмұхаммедов, И.Петько, П.Попов, Г.Пономаренко, К.Плюхин, Х.Рахимов, П.Реченский, А.Сизинцев, И.Стадничук, А.Степанов, А.Ташбаев, Н.Тимофеев, А.Хайдаров, К.Ходжиков, Н.Цивчинский, Б.Чекалин, Г.Шереметьев, А.Школьный, Ю.Шнейдерман, Н.Яковлев және т.б. бар.
Отанды қорғауда бір екпінмен әр түрлі ұлт өкілдері қатар соғысқан. Бізге белорус, грузин, қазақ, литва, орыс, өзбек суретшілерінің туындыларында көрініс тапқан барлық халықтардың бірігуін ерекше атап өту маңызды. Жоғары кәсіби деңгейде орындалған олардың шығармалары өмірге, қарапайымдылыққа және шынайылыққа, трагедияға, поэтикалық мазмұнға және ерлікке толы. Олар борыш, елге төнген қауіп, сонымен қатар жеңіс туралы әңгімелейді.
Экспозицияда алғаш рет И.Глазуновтың дипломдық жұмысы, сондай-ақ көркем көрмелер дирекциясының коллекциясынан алынған жұмыстар да ерекше орын алады.
Кескіндеме, графика және мүсін өнерінен түрлі ұрпақ шеберлері, әр ұлттың дарынды суретшілері бейнелеген туындыларды терең түсінумен қатар, көрме замандастарымызды әлемдегі бірлік, бейбітшілік пен өмірді қорғауға шақырады.
Көрме 2024 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.
Куратор: С. Көбжанова, А. Қайранбаева