Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2024 жылдың 29 тамызы күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Коституциясы күніне орай «Ел ардағы - Ата Заң» меркелік шарасы өтеді.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан жоғары кеңесінің IX сессиясында қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданып, жыл сайын Республикада бұл күн мемлекеттің басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғырту, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып бекіді.
Шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің оркестры, оркестрдың солистері және 97617 әскери бөлімнің қызметкерлері Жоғарғы әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысады.
Шараның мақсаты: Жастарды тәуелсіз еліміздің ата-заңын қадірлеп, құрметтеуге баулу және Отансүйгіштікке тәрбиелеу.