Құрметті өнер сүйер қауым, сіздерді 2024 жылдың 28 қыркүйегі сағат 12.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Оңтүстік Кореяның (DIAEA) Тэджон қаласындағы халықаралық өнер алмасу қауымдастығы және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен өтетін «Жер ағыны» атты халықаралық 16-шы көрменің ашылуына шақырамыз!

Көрменің негізгі мақсаты – халықтар арасындағы өзара мәдени байланыс пен ынтымақтастықты қолдау және нығайту. Бейбітшілік пен тұрақтылықты, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын насихаттау және әлемдегі табиғи апаттар мен адамның тікелей іс-әрекетінен болған экологиялық апаттарға назар аудару.

Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика және аралас техникада орындалған туындылар қойылады. Суретшілер өз туындылары, бағыттары мен  стильдері, жалпы заманауи өнер тілімен әлем халықтарының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны арттыруға үлес қосады.

Бұл көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері танымал қазақстандық суретшілер – Жұмақын Қайрамбаев,  Болат Тұрғынбай, Бауыржан Байділда, Өмірбек Жұбаниязов, Малик Жунисбаев, Серік Тайнов, Болат Құсайынов, Естай Даубай т.б. қатысады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен магистранттары бірнеше рет Тэджон қаласында өткен халықаралық көрмелерге қатысса, кореялық суретшілер де өнер академиясында көрме өткізген.

 «Жер ағыны» көрмесі бейнелеу өнері саласындағы жаңа заманауи бағыттағы өнер туындыларыларымен өз көрермендерінің көңілінен орын табады деп сенеміз.

Көрме қатысушыларын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен ҚР суретшілер одағынан алғыс хаттарымен, сертификаттармен марапаттайды.

Көрме қонақтары: Қазақстан мен Оңтүстік Корея суретшілері, өнертанушылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.

Баршаңызды «Жер ағыны» халықаралық 16-шы көрмеге ШАҚЫРАМЫЗ!

Өтетін орны: Алматы қаласы «Қазақстан Респубилкасы Мемлекеттік Орталық музейі»  «Самал-1» ықшам ауданы, 44-үй. 

Көрме 2024 ж. 07 қазанына дейін жалғасады.