Егер ақпанның бір кешінде әлемнің ең жарқын үш қаласында бір мезетте болу мүмкіндігі туса қалай қарайсыз? Париждің романтикасын, Венадағы кербездігін және Нью-Йорктегі қуатты ырғағын сезіну? Мұның бәріне өнердің құдіреті арқылы 8 және 9 ақпанда сағат 19.00-де Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залында өтетін ауқымды шара - «Париж – Вена – Нью-Йорк» театралды-музыкалық қойылымында мүмкіндік туады. 

Режиссер Наташа Дубс музыка мен театрды үйлестіре отырып, көрерменді таңғажайып саяхатқа шығаратын мюзикл спектаклін дайындады. Дәстүрлі концерттің орнына сізді Париж, Вена және Нью-Йорктің қиялдағы көшелерімен таныстыратын спектакль күтеді, онда әйгілі композиторлардың музыкасы сізді бағыттаушы болады.

«Музыка – мені режиссер ретінде шабыттандыратын өнер түрі,дейді спектакльдің қоюшы режиссері.Мен қойған барлық спектакльдер музыкамен байланыстырылып жасалды. Әр пьесаның идеясы менің басымда музыкалық қабылдаудан туындады. Біздің мюзикл «Париж – Вена – Нью-Йорк» та шампанның көбігі секілді жеңіл әрі ойнақы. Ол саяхат идеясына негізделген, өйткені жаңа елдер мен жаңа ашылулар дәл сондай ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Симфониялық оркестрдің дыбысы, опералық орындау мен драманың синергиясы көрерменді ұлы композиторлардың хикаяларымен таныстырады». 

Саяхат француз астанасының музыкалық сиқырынан басталады. Жак Оффенбахтың «Баркароласы» Сена өзеніне алып кетсе, оның «Гофманның ертегілерінен» қойылған ариялары француз операсының сиқырлы әлеміне жетелейді. Танымал «Сұлу Елена» мен әзіл-оспаққа толы «Тамаша Орфей» сіздің саяхатыңызға жеңілдік пен көтеріңкі көңіл қосады. Бұдан соң көрермен Австрияға, оперетталардың астанасына барады. Франц Легар, Иоганн Штраус пен Имре Кальманның музыкасы Вена балдарының тынысын сездіреді. «Көңілді жесір», «Цирк ханшайымы», «Ұшатын жарқанат» шығармалары залды жарқыраған сән-салтанатқа толтырады. Саяхаттың соңында Американың ірі орталығы – Нью-Йоркке жетеміз. Джордж Гершвин, Леонард Бернстайн мен Курт Вайл Нью-Йоркты қиялыңызда тірілтеді. «Summertime» мен «Вестсайд хикаясы» мюзиклінен қойылатын ариялар Бродвейдің ырғағы мен күш-қуатын жеткізеді, ал «Mack the Knife» джаз дәуірінің ерекше атмосферасын еске салады. 

​Саяхатшыларды бағыттап отыратын, жұмбақ әрі сырбаз пойыз жүргізушісінің рөлін актер Рауф Хабибуллин сомдайды. Оның бейнесі – Париж, Вена мен Нью-Йоркті байланыстыратын тін секілді, әр сахнаны жандандырып, таңғажайып ашылулар атмосферасын толтырады. Опералық арияларды ҚАЗҰОБТ-тың жетекші солистері орындайды, сахнада Лермонтов атындағы және Немецкий атындағы драма театрларының әртістері өнер көрсетеді, ал қойылымды Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр маэстро Қанат Омаровтың басқаруымен сүйемелдейді. 

«Менің кейіпкерім – жұмбақ әрі сырбаз пойыз жүргізушісі, ол көрерменді музыка мен эмоция әлеміне апарады!дейді актер Рауф Хабибуллин, М. Лермонтов атындағы НРДТ актері.Ол музыкалық рельстермен шебер жүреді, әр сәтті саяхат рухына толтырып, шындық пен қиялды үйлестіреді. Оның жарқын бейнесі мен терең көзқарасы Париж, Вена және Нью-Йорк қалалары бойынша ұмытылмас музыкалық сапарға жеңіл бағыт беретін болады, онда опералық арқылы сол дәуірдің ұлы шығармалары орындалады». 

Қойылымды қазақстандық тыңдарманның ықыласына бөленіп үлгерген Dala Classic музыкалық агенттігі ұйымдастырған. Агенттік академиялық өнерді насихаттау және музыка, театр мен мәдени мұраны біріктіретін ерекше шараларды өткізу арқылы танылды. Dala Classic-тің әр жобасы өнерсүйер қауым үшін нағыз мереке, ал «Париж – Вена – Нью-Йорк» қойылымы агенттіктің тағы бір шедеврі болары сөзсіз. 

Билеттерді келесі сілтемеден сатып алуға болады: https://ticketon.kz/event/parizh-vena-nyu-york