Алматы қаласында алғаш рет өтетін "ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ" литвалық суретшінің халықаралық көрмесі
2025 жылғы 16 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған атақты литвалық суретші және композитор Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармаларына арналған "ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ" халықаралық репродукциялар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.