Дәурен Абаев «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты. Бұл кездесуге ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, КСРО халық артисі, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, сондай-ақ киностудияның әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі вице-президенті Айдархан Әділбаев, өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов, «Қазақфильм» президентінің стратегиялық мәселелері бойынша кеңесшісі Әли Шәукенов және басқалары қатысты.