Алмалы ауданы әкімінің аппараты "Жетісу күші" ҚҚ-мен бірлесіп, әлеуметтік қызметкерлер күніне орай "Сары Арқа" кинотеатрында "Дос Мұқасан" фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және Алмалы ауданында мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін Алғыс білдіреміз!
Алмалы ауданының азаматтарын әлеуметтік қорғау жүйесінде 300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, олар:
- мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге үйде қызмет көрсетеді;
- жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетеді;
- республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылар мен бірқатар әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындайды және төлейді;
- Денсаулық сақтау саласында көмек көрсетеді (емханалардағы әлеуметтік қызметкерлер);
- аз қамтылған азаматтарға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қалалық бюджеттен бірқатар әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді жүзеге асырады;
- жұмыссыз азаматтарды, жас мамандар мен мүгедектерді жұмысқа орналастырады, сондай-ақ кәсіптік қайта даярлауға жібереді.