2022 жыл 23-25 желтоқсан күндері  «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі бірігіп ежелгі мәдени дәстүрді жалғастыра отырып, Орта Азия қолөнер шеберлерінің «Жаңа жылдық жәрмеңке» атты кезекті жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңкеге түрлі стилистикалық бағыттағы компаниялар мен шеберлер қатысады. Сіздердің назарларыңызға интерьер заттары мен жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған қуыршақтар және зергерлік бұйымдардың барлық түрлері, керамика мен киім, шарфтар, сөмкелер, қораптар, шырша ойыншықтары және т.б. ұсынылады!

Бір сөзбен айтқанда – сыйлықтар! Сыйлықтар кез-келген талғамда және қолжетімді. Бізбен бірге мерекелік атмосфераға еніңіз!

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2022 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 14.00-ден, 24-25 желтоқсан күндері, сағат 900-ден 1800-ге дейін.

Өткізетін орны: ҚР, Орталық мемлекеттік музей (Самал-1 ықшам ауданы, 44 үй).

Музейге кіру бағасы:

Ересек билет 500 теңге;

Студенттер мен зейнеткерлерге – 300 теңге;

Оқушыларға – 200 теңге