ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті " Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында еліміздегі мемлекеттік архивтер мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ашық есік күнін өткізеді.

Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты ата-бабаларының тарихын тарихын, салт-дәстүрін зерттеуге тарту, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімді арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру, архивтік құжаттар мен архив саласының тарихи маңызын сезіндіре отырып сала мамандарының еңбегін насихаттау.

"Архив және болашақ ұрпақ" ашық есік күні өткен жылдан бастап республика көлемінде ұйымдастырылып келеді.

Іс-шара аясында тақырыптық фотоқұжаттық экспозициялар мен көрмелер, экскурсиялар, шығармашылық кездесулер және сирек кітаптарды реставрациялау жұмыстары аясында шеберлік сабақтары өткізіледі.

Ашық есік күніне студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

Еліміздегі барлық мемлекеттік архивтер мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ұйымдастырылатын ашық есік күні 21 қыркүйек күні сағат 10.00-17.00 аралығында өтеді.
Салтанатты ашылуы сағ.: 10.00.

Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті