EZ Solutions отандық әдебиетті Қазақстан экономикасының креативті секторының басты ресурстарының бірі ретінде көріп, бұл салаға қаржы салып жатыр.
EZ Solutions халықаралық ивент-агенттігі «Мусагет» қоғамдық қорының негізін салушы Ольга Маркованы еске алуға арналған қазақстандық Qalamdas әдеби сыйлығына қолдау көрсетіп отыр. EZ Solutions үшін отандық әдебиетті дамытуға өз үлесін қосу және дарынды авторларды қолдау – бұл еліміздің креативті экономикасын дамытуға және Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы мәдени имиджін қалыптастыруға маңызды инвестиция.
«Өкінішке қарай, өнерге қолдау көрсеткенде мемлекет немесе жеке демеушілер әдебиетке емес, музыка, кинематограф секілді көпшілік тұтынатын өнер түрлеріне көбірек мән береді. Алайда әдебиеттің еліміз бен қоғамымыздың болашақ экономикалық, әлеуметтік әрі мәдени дамуындағы рөлін ескеретін болсақ, ол бірінші орында тұруы керек. Мұның қарапайым бір себебі бар: адам баласы сөзбен ойлайды, бұл оның табиғаты. Адамдар сөздің көмегіне жүгінбей-ақ, бірлесіп әрекет етіп, бір-бірімен белгілі бір эмоция, ақпарат бөлісе алады. Алайда сөздің көмегінсіз өз ойыңды тұжырымдап, өзгелерге жеткізу мүмкін емес. Сондықтан адам ойлауының дамуы оның сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Сол сияқты, интеллект пен ойлауды қажет ететін мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салалары ең алдымен әдебиет дамуына байланысты. Мұны нақты тарихи мысалдармен дәлелдеуге болады: Гомер дәуірі ежелгі грек өркениетінің шарықтау кезеңіне, Шекспир дәуірі – Англиядағы индустрияландыру кезеңіне, Данте дәуірі – Италиядағы Қайта өркендеу дәуіріне ұласты. Жай ғана әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлерінің санына қарасақ, бұл сыйлықты жеңіп алған жазушылар саны ең көп елдерде экономикалық көрсеткіштер де ең жоғары. Бұл, әрине, өзара байланыс, бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда, әдебиет – қоғам дамуының түпнегізі деуге болады», – деді агенттіктің басқарушы директоры Михаил Земсков, әдеби сыйлыққа қолдау көрсету жөніндегі шешіміне қатысты түсінік беріп.
EZ Solutions корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаларын ұстана отырып, табысты бизнеске ғана емес, компанияның дені сау қоғам мен бірыңғай мәдени ортаны қалыптастыруында белсенді әрекетіне ерекше мән береді. Ондай ортада әр адам әл-ауқатының деңгейіне қарамастан жасампаздыққа, шығармашылыққа және барлығына ортақ мәдени құндылықтарға қол жеткізе алады.
Qalamdas әдеби сыйлығының байқауы екі тілде келесі төрт номинация бойынша өткізіледі: «Поэзия», «Проза», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». Қазақша немесе орысша жазатын Қазақстанның азаматтары мен резиденттері байқауға өтінімдерін ұсына алады.
Өтінімдер 2023 жылдың 5 қарашаға дейін қабылданады (осы күнді қоса алғанда). Qalamdas әдеби сыйлығының қазақтілді мен орыстілді иегерлерінің есімдері әр номинацияда 2024 жылғы наурыз айының ортасында өтетін марапаттау рәсімінде жария етіледі.
Әдеби сыйлықтың жүлде қоры 1,6 млн теңгені құрайды.
Ережесі мен командасымен әдеби сыйлықтың парақшасында танысуға болады: https://litshkola.kz/qalamdaskaz/