Қазақстанда өте үлкен музыкалық жарыс өткелі жатыр! Ел тарихында алғаш рет, 21 қазан күні Almaty Arena алаңында, Red Bull SoundClash атты бірегей, ауқымды шара өтеді! Бұл шараның ресми демеушісі Яндекс Плюс болып отыр.
Осы қызықты да думанды шоу аясында қазақстандық екі танымал топ - “Ирина Кайратовна” мен Ninety One – «нағыз сахна королі» атануға кім лайықты екенін анықтау үшін, қарама-қарсы орналасқан екі сахнада өнер көрсетіп, төрт қызықты музыкалық кезеңнан тұратын жарыс өткізеді.
Red Bull SoundClash деген не?
Red Bull SoundClash – екі танымал орындаушының арасында, бірегей форматта өтетін, ғаламат музыкалық текетірес. Командалар сахнаға шығып, адамның делебесін қоздыратын төрт кезең бойы, өз шығармашылығы мен шеберлігін паш етеді, сол арқылы бәсекенің көрігін қыздырады, әрі көрерменнің көңілін жаулап алуға тырысады.
Ережесі қандай?
Кіріспе: көрерменнің делебесін қоздырып, тартысты шоуды қызыға тамашалайтындай көңіл-күйге жеткізу үшін, екі топ та өзінің ең әйгілі хиттарын орындайды.
“Кавер” кезеңі: екі топ елге танымал, бірдей, бір әнді өз стиліне сай өңдеп, кавер-нұсқада орындайды.
«Түре тартыс» кезеңі: командалар бір-бірінің композициясын өз стилінде орындайды, бәсекелесі ойнып тұрған музыканы орта жолдан іліп әкетіп, «түре тартысады».
“Шайқас” кезеңі: қатысушылар өз әндерін, өзіне мүлдем жат стильде орындайды, өзінің үйреншікті жолынан шығады.
Wild card кезеңі: ақтық сайыс, қатысушылар сахнаға өзінің құпия түрде ертіп келген, жұлдызды музыкант-достарын шақырады.
Екі топ та халықтың алдында бар өнерін паш етуге дайын.
«Көктер» командасының мүшесі Алдияр сахнаға шығар сәтті асыға тосып жүр: «Меніңше, ол естен кетпейтін кеш болады. Елге ең танымал екі топтың арасындағы баттл, әрбір көрерменге ұнайды деп ойлаймын. Шайқастың форматы өте қызық, 91-дің жігіттері әнді әртүрлі стильде орындайды, бірақ біз эксперимент жасаудан қорықпаймыз. Біз ең алдымен – Шоу-мыз, содан кейін барып, ИК-мыз, сондықтан Шоу болады деп ойлаймын. Ең қызықтысы – бәсекелесіңнің әндерін орындайтын кезең болғалы тұр, өйткені біз өзгелердің әнін ешқашан айтып көрген емеспіз!»
Ninety one тобындағы Bala: «Бұл баттл тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймын. Форматы өте қызық. Ол меніңше, біздің де, ИК тобының да жанкүйерлеріне ұнайды. Біз жарыстың форматынан бөлек, өзіміздің әдемі әндерінізді де орындаймыз, ол да көпшіліктің көңілінен шығатын болуы керек. Кезеңдердің бәрі өте мықты. Жұрттың бәрі айтарлықтай күшті әсер алатынына еш күмәнім жоқ!»
Баршаңызды бізге қосылып, осы бірегей музыкалық текетірестің куәгері болуға шақырамыз. Әрбір көрермен, арнайы шу өлшегіштің көмегімен, жеңімпазды анықтауға өз үлесін қоса алады.
Музыкалық шайқас тарихынан орын алу мүмкіндігін пайдаланып қалыңыз және Red Bull SoundClash энергиясынан қуат алыңыз!
Шара туралы ақпарат:
Өтетін күні: 21 қазан
Өтетін орны: Almaty Arena
Басталатын уақыты: 19:00
Билетті kino.kz сайты мен қосымшасынан алуға болады.
Яндекс Плюс - Яндекс қызметтеріне жазылудың ортақ жүйесі, ол Кинопоиск сайтындағы фильмдер мен сериалдарды көруге, Яндекс Музыка сайтындағы тректер мен подкастарды тыңдауға мүмкіндік береді және кешбэк ұпайларды жинап, оларды Яндекс қызметтері аясында сауда жасау және жол мен ойын-сауық ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
Ресми сайт: https://www.redbull.com/kz-ru/events/red-bull-soundclash