24 қараша мен 26 қараша аралығында Алматы қаласында «Сreative Central Asia 2023» форумы өтті, ол үш күнге созылды және бір алаңда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдері, АҚШ және Англиядан креативті индустриялар саласында 100-ден астам отандық және халықаралық сарапшыларды жинады. Форум кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы ең жаңа тенденцияларға арналып, білім, тәжірибе және идеялармен алмасу үшін бірегей платформасын ұсынды.
Форум аясында креативті индустрияны дамытудың әртүрлі аспектілерін қозғаған көптеген қызықты баяндамалар, панельдік пікірталастар өтті. Сөз алған сарапшылар мен көшбасшылар өздерінің бірегей табыс тарихымен бөлісті, сондай-ақ Алматы қаласында креативті саланың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін өздерінің инновациялық жобалары мен идеяларын көрсетті.
Панельдік пікірталастарда «Алматы – Қазақстанның креативті индустрияларының драйвері», «Жайлы қалалық орта және креативті ландшафтты дамыту», «Өңірлер – креативті индустрияларды дамытудың әлеуетті орталықтары» тәрізді креативті индустрияларды дамытуға қатысты мәселелер мен тақырыптар белсенді талқыланды.
CCA-2023-тің тағы бір тақырыбы-қазіргі заманғы технологиялық сын-қатерлерге бейімделуге және жасанды интеллектті шығармашылық процестерге біріктіруге деген ұмтылыс туралы «Нейрондық желілер дәуіріндегі адамның шабыты мен шығармашылығы» атты панельдік талқылауы болды.
«CCA 2023» жаңа серіктестік байланыстар орнату және инвестициялар тарту үшін бірегей диалог алаңына айналды. Форум сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Орталық Азияның түрлі елдерінің қатысушылары арасында үздік тәжірибелермен алмасу үшін платформа құруға ықпал етті.
"Креативті қоғамдастықтың пікірі арқылы креативті кәсіпкерлер үшін гранттар беру ережелері әзірленгенін, 2023 жылдың соңына дейін өтеусіз гранттар беру қағидаларын бекіту жоспарланғанын атап өткім келеді. Бағдарламаны 2024 жылы іске қосу жоспарланған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап инфрақұрылымды дамыту және шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында Марков 44 әкімшілік ғимаратының базасында креативті хабты іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесу кезінде (2022 ж.16 қараша) қалалық венчурлік қор құру бастамасын қолдады. 2024 жылдың басында қорды іске қосу жоспарлануда.
Қордың мақсаты - тұрақты бизнес құру, креативті индустриялардың экожүйесін дамыту үшін қала тұрғындарының креативтік бастамаларын пайдалану.
Жалпы, сіздермен ортақ күш-жігер мен тәжірибе алмасу арқылы біз ауқымды жобаларды іске қосып, еліміздің дамуының жаңа тарауын бастай алатынымызды атап өткім келеді", - деп қорытындылады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.
CCA-2023 форумына 3000-нан астам қонақ келді, олар көптеген дәрістерге, шеберлік сабақтарына, public talk-тарға белсенді қатысты.
Форумның басты идеясы Алматының бірыңғай диалог алаңында креативті индустриялар саласының сарапшылары мен бүкіл Орталық Азия өңірінің креативті қоғамдастық өкілдерін біріктіру арқылы халықаралық деңгейде креативті индустриялардың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру болып табылады.
Форумды өткізу креативті индустрияларды дамытуға, креативті кәсіпкерлікті танымал етуге және оған халықаралық инвестицияларды тартуға ықпал етеді.
CCA-2023 форумы қатысушыларға жарқын әсер қалдырып, Алматы қаласында креативті индустрия мен инновациялық жобаларды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Қатысушылар бұл форум болашақ ынтымақтастықтар үшін жыл сайынғы платформа болады және креативті индустриялардың дамуына ықпал ететін жаңа тұжырымдамалар мен идеяларды шабыттандырады деп үміттенді, өйткені Алматы – Қазақстанның креативті индустрияларын дамыту орталығы. Бүгінгі таңда Алматы бүкіл Орталық Азияның креативті индустрияларын дамыту орталығына айналу үшін жеткілікті ресурстар мен мүмкіндіктерге ие екені анық.