Жылдың ең айтулы оқиғасы – Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған шарлар фестивалі - QONAEV INTERNATIONAL BALLOON FESTIVAL.

Дискотека Авария, Ирина Қайратовна және басқа музыканттар, бүкіл әлемнен ұшқыштардың 30 командасы қатысады!

Биылғы фестиваль 11 және 12 мамырда басқа жерде – Алматы қаласына жақын маңда өтеді. Атап айтарлығы, ол жерді ұшқыштардың өздері таңдады. Ол Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылы.

Аталмыш фестивальға түрлі елдерден ұшқыштардың отыз командасы шақырылған. Біз сіздерді олардың өмірі мен ұшулары кезінде орын алған ерекше оқиғаларымен https://ntkfest.kz/ сайтында, Instagram @ntkfest желісінде, баспасөз баянаттарында және фестивальді ұйымдастырушылардың аккаунттарында таныстырамыз. Осы маусымда әуе шарлары аспанға көтеріліп қана қоймай, сонымен қатар өз «жолаушыларына» джиппен жүруге де мүмкіндік береді. Ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, бірақ метеорологтар бұл аралықта желсіз күндер болатынына сендіріп отыр.

Біз кенелерді улап, көздерін құртамыз, әдеттегідей, санитарлық аймақтарды қарастырамыз, барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеміз.

Музыкалық бағдарламада басымдық Ирина Қайратовна және Дискотека Авария топтарына беріледі. Ең танымал хиттерді тыңдаймыз және көңіл көтеріп, би билейтін боламыз!

Сондай-ақ фестиваль күндері басқа да мықты орындаушыларды тыңдап, театрландырылған қойылымдарды тамашалап, қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, оларды үйреніп, басқа да байқаулар мен жарыстарға қатысуға болады.

Бөлек алаңқайда сиқыршы Ұмай туралы ертегілердің жылуын сезініп қана қоймай, сондай-ақ импровизацияланған қойылымға да қатыса аласыз.

Балаларға арналған ойын-сауықтар ұйымдастыратын жеке ойын алаңқайы да қарастырылған.

Сіздерді Алматы қаласы мен Алматы облысының дизайнерлері мен қол өнер шеберлері өздерінің бүйымдарымен қуантады. Олардың әрқайсысы қандай да бір қолөнері бойынша арнайы шеберлік сыныбын өткізеді. Этникалық және тақырыптық екпіні бар өнімдер әдеттегіден тыс көбірек болады.

Әлбетте, мейрамхана бизнесінің жергілікті өкілдері және фуд-стриттің жергілікті нүктелерінің жағымды тосынсыйлары мен баршаға арналған керемет асханасы бар фуд-корд жұмыс істейтін болады.

Бағдарламаның ұзақтығы әр күнгі сағат 21.00-ге дейін белгіленген, ал одан кейін үйге қайтып, фестиваль аумағындағы платкаларға немесе қонақүйлерге жайғасуға болады.    

Алматы облысының туризм басқармасы көпшілікке керемет мереке тартуды және өз өлкесіне туристердің неғұрлым көп мөлшерін тартуды мақсат тұтып отыр. Мәселен, өткен жылы фестивальға түрлі елдерден 120 мыңға жуық адам жиналды. Биыл олардың саны арта түседі деп күтілуде.

Өмір мерекесіне сіз де қосылыңыз! Романтика адреналиніне бөлену мүмкіндігі күнде бола бермейді!


*Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев – кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Қазақ КСР ҒА академигі.

Қонаевтың кезінде Қазақстан экономикасының аграрлық секторы қарыштап дамыды. Ол басқарған жылдарда Қазақстан Ресей және Украинамен қатар КСРО-дағы ең ірі үш экономиканың қатарына кірді.

1970-жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта машина жасау және химия өнеркәсібінің көлемі үш есе өсті.

Қазақстанның батыс аймағында мұнайдың жаңа кеніштерінің ашылуы арқасында, республика мұнай өндіру бойынша КСРО-дағы ірі орталықтардың біріне айналды.

МГУ ақпараттық-сараптау орталығының статистикалық мәліметтері бойынша, Қонаев қызмет еткен жылдарда республиканың өндірістік әлеуеті 700 пайыздан астам мөлшерге артты. Оның бастамасы бойыншаАлматыда «Медеу» мұз айдыны спорт кешені, Ұлттық кітапхана, Саяси ағарту үйі, ҚазҰУ-дың жаңа корпустарының, Республикалық орталық мұражайының, «Көктөбе» телемұнарасының, 28 гвардиялық-панфиловшылар паркінде Даңқ монументінің, «Қазақстан», «Отырар», «Алматы», «Алатау» қонақүйлерінің, «Алатау», «Қазақстан» санаторийлерінің, «Самал», «Ақсай», «Алмагүл», «Айнабұлақ» мөлтек аудандарының және көптеген басқа мәдени және тұрғын үй нысандарының ғимараттары бой көтерді.  Қазақстанның көптеген қалаларындағы даңғылдар мен көшелерге оның аты берілді. 2022 жылы көрнекті саясаткер және белгілі мемлекет және қоғам қайраткеріне құрмет көрсету мақсатында Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілді.