Климаттың өзгеруі қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі болып табылады және Орталық Азияның әрбір өңірі үшін анағұрлым күрделі қатерлердің біріне айналды. Алматы қаласында, ағымдағы жылдың 3 және 4 сәуір күндері бірінші өңірлік семинар өткізіледі, онда табиғи апаттар түрінде ауыр салдарды тудыруға қабілетті ауа-райы өзгерістеріне және экологиялық проблемаларға байланысты ең маңызды мәселелер қаралатын болады.
ЮНЕСКО-ның деректеріне сәйкес, Дүниежүзілік мұрагерлік тізіміне енгізілген ормандардың 50% астамы, сондай-ақ көгілдір көміртектің ең маңызды қоймалары болып табылатын теңіз объектілерінің үштен екі бөлігі тоқырау қаупінен қатерге ұшырау алдында тұр. Жер қабатының құрғап кетуі, орман өрттері, су басулар мен дауылдар — барлық осы құбылыстар ауа-райы өзгерістерінің салдары болып табылады.
БҰҰДБ арқылы ЖЭҚ қаржыландыратын және ЮНЕСКО іске асыратын «Ауа-райының өзгеруіне тұрақты дамудың және бейімделудің кешенді әдістерін әзірлеу үшін нивал-гляциал жүйелерін бағалаудағы өңірлік ынтымақтастық арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын күшейту» жаңа өңірлік жобасы Орталық Азиядағы ең маңызды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған. Жоба өңірлік сумен жабдықтауды және тұрақтылықты қолдауға арналған қарлы, мұздықты және мәңгі тоңды жүйелердің маңыздылығын назарға алады. Орталық Азияның ауыл шаруашылықта және энергетикада осы сумен жабдықтау жүйелеріне тәуелді болуы оларды сақтау қажеттілігін көрсетеді. Жоба Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған, өйткені ауа-райының өзгерістері мен олардың су ресурстарына әсері криосфера туралы деректерді және әзірленген іс-әрекет жасау жоспарларын пайдаланумен, өңір елдерінің тұрақтылығын күшейту үшін біріге күш жұмсауды талап ететін трансшекаралық проблемалар болып табылатынын барлығымыз мойындап отырмыз.
«Су тұрақты даму барысында, соның ішінде қоршаған ортаны сақтауда, кедейлікпен және аштықпен күресуде негізгі рөл ойнайды, сондай-ақ адамның денсаулығы мен игілігі үшін таптырмайтын нәрсе», — деп БҰҰ Бас ассамблеясы атап көрсетті.
Семинарға Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның ұлттық өкілдері, криосфера зерттеулері жөніндегі халықаралық сарапшылар, деректерді басқару және саясат жөніндегі мамандар, сондай-ақ гидрометорталығының өкілдері қатысады. Жобаның мақсаты криосфераның жай-күйін бағалау және мониторинг жасау, су ресурстарын тұрақты басқарудың кешенді әдістерін әзірлеу жйәне өзгеріп жатқан климаттың салдарын жеңу үшін бейімді стратегиялар қалыптастыру болып табылады. Семинар криосфера мониторингі және деректерді басқаруда тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін негіз қалауға бағытталған, бұл сенімді ұлттық іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге және криосферадағы болашақ өзгерістердің ақпараттық жоспарлануын жүргізуге мүмкіндік береді.
Семинар қатысушылары: «Орталық Азияның, су ресурстарының біздің таулардағы мұз бен қар қорларына тәуелділігі сияқты, су ресурстарына тұрақты даму тәуелділігі сөзсіз. Таулы аудандарда су ресурстарының мониторингі облысында ынтымақтастықты нығайта отырып, біз бүкіл өңірді тұрақты дамыту мүддесінде суды ұтымды пайдалану үшін іргетас қалай аламыз. Біздің жоба Орталық Азияның барлық елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясын әзірлеуге бағытталған», - деп атап өтті.