24 тамызда Алматыда алғаш рет IQ BBQ отбасылық ғылыми-музыкалық фестивалі өтеді. Онда үздік ғалымдар мен ғылым насихаттаушылары дәрісі оқиды, Moldanazar концерт қояды, art&science жобаларының көрмесі өтеді, қонақтарды нейрожелілер бойынша мастер-кластар, балалар зертханалары мен басқа да қызық күтіп тұр.        

IQ BBQ — әлемнің үздік ғалымдары, ғылым насихаттаушылары, технология бизнесінің өкілдері, өнер қайраткерлері мен Алматы тұрғындары бейресми қарым-қатынас орнататын open-air кеңістік.

Іс-шарада блокчейн, виртуал шындық, робототехника мен жасанды интеллект сияқты заманауи технологиялар тақырыбы көтерілмек. Адамзат Марсқа қашан көше алады? 100 жылдан кейін қандай ресурстар аса бағалы болмақ? Жасанды интеллект суретшілер мен жазушылардың орнын баса ма? Нейрон желі жасаған өнімді графикалық дизайнердің жұмысынан қалай ажыратуға болады? Криптовалюталар банк жүйесін қалай өзгертпек? Фестиваль қонақтары осы және өзге де сұрақтарға жауап табады.

Фестиваль кеңістігі тақырып бойынша бірнеше аймаққа бөлінеді: танымал ғылым насихаттаушыларының дәрістері; art&science кластер; роботтар көрмесі; бүкіл отбасына арналған түрлі мастер-класс, зертхана мен игротекасы бар интерактив аймақтар; фудкорттар; негізгі музыкалық сахна мен тағы басқа. Фестиваль серіктесі — Yandex Qazaqstan іс-шарада қонақтар интерактив форматта өзара әрекеттесе алатын инновациялық технологиялары мен әзірлемелерін таныстырады. Оған қоса, олар IT мамандарына арнайы трек өткізіп, жасанды интеллектіні өнім, әзірлеме және этика тұрғысынан дамытуды талқылайды.

Фестивальдің дәріс аймағында америкалық астрофизик, космология маманы әрі Аризона штаты университетіндегі Origins жобасының директоры Лоуренс Краусс, химик-тиктокер әрі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ұлан Үсенов, жазушы, ғылыми журналист әрі биологиялық мифтерді әшкерелеуші Александр Панчин, теориялық физик әрі кванттық физика бойынша маман Алексей Федоров, өнер теоретигі әрі заманауи суретші Дмитрий Гутов, Яндекстің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов пен басқалар сөйлейді.

Шараның музыкалық хедлайнерлері: Moldanazar синти-поп тобы мен аты-жөні әзірше құпия сақталатын өнерпаз.

Early birds билеттерді сілтеме арқылы алыңыз

«Біз ашық аспан астында ғылым мен технология тойын өткізгелі жатырмыз. Фестивальдің барлық қонағы өзіне керегін табуы үшін бірегей бағдарлама құрамыз. Онда ғылыми жаңалықтардан бастап заманауи өнер мен блокчейн тақырыбына дейін қамтылады. Келген адамның бәрі фестивальден шабыт алып, өмірге жаңа көзбен қарап, қартаюды қалай жеңуге болатынын, AI-мен қалай байланыс орнату керегін ойланса дейміз. Ғылым мен технология — бәрімізге ортақ тақырып. Оның бар ғажабын көрсеткіміз келеді!», — дейді IQ BBQ фестивалін ұйымдастырушылар.

Hi-Tech